Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 мая 2020 14:35

"Соғыс әлі түсіне кіреді". 100-ге толған майдангердің ерлігін ұрпағы мақтан етеді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сиқымбай Мамыров немере-шөберелерінің ортасында. 2020 жыл 4 мамыр Сиқымбай Мамыров немере-шөберелерінің ортасында. 2020 жыл 4 мамыр

Биыл жүз жас мерейтойын атап өткен майдангер, пулеметші Сиқымбай Мамыров соғыстың басынан соңына дейін болған. Мәскеуді қорғауға, Украина, Польша, Румыния, Венгрияны босатуға және Берлинді жаулауға атсалысқан. Үш рет қатты жарақат алады, бірақ госпиталден кейін полкіне қайтып барған. Отбасы үш рет қара қағаз алады. Алайда майдангер атамыз соғыстан аман қалып, Жеңістің 75 жылдығын тойлап отыр. Майдангердің отбасы ерлік жасаған әкесі туралы Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.


Биыл жүз жас мерейтойын атап өткен майдангер, пулеметші Сиқымбай Мамыров соғыстың басынан соңына дейін болған. Мәскеуді қорғауға, Украина, Польша, Румыния, Венгрияны босатуға және Берлинді жаулауға атсалысқан. Үш рет қатты жарақат алады, бірақ госпиталден кейін полкіне қайтып барған. Отбасы үш рет қара қағаз алады. Алайда майдангер атамыз соғыстан аман қалып, Жеңістің 75 жылдығын тойлап отыр. Майдангердің отбасы ерлік жасаған әкесі туралы Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

Сиқымбай Мамыров Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылында туған. 1941 жылы Қызыл армия қатарына қосылатын кезде не бары 20 жаста болған. Арнайы жаттығуын Өзбекстанда бастаған. 712 атқыштар полкінің, №132 атқыштар дивизиясының пулеметшілер бөлімінің командирі. Төрт жыл соғыста Мәскеуден Берлинге дейін жаяу барған майдангер Совет Одағының батыры И.В. Панфилов атындағы дивизия құрамында соғысқан. Қауіпті қаруын жеңіс күніне дейін қолданған. Бүгінде Шу қаласында өз аты берілген көшеде тұрады.

"Қанша тас көтерсем де, уһ деп айтпаспын"

"Жолдасым - Мамыров Сиқымбай. Ұлы Отан соғысының ардагері. Екі Даңқ ордені, тағы басқа медальдары бар. 1941 жылы барып, 1945 жылға дейін Берлинге дейін барып соғысқан. Украин, Беларусь фронаттарында соғысқан және Новгород облысындағы Холм қаласында (Ресей Федерациясы - авт.) ескерткіші болған. Ескерткішке де барғанбыз. Тағзым етіп, құрметтеп, кітапқа шығарды. Бұл кісіге соғыстан келген соң 5 жыл өткеннен кейін қосылдым.  Соғыста жүргенде кезде "қанша тас көтерсем де, уһ деп айтпаспын" деген екен. Ұл-қызымыз, немере-шөбереміз бар. Үбірлі-шүбірлі болдық", - дейді жұбайы Құлдаркүл Досымбекова

 Сиқымбай Мамыров пен жұбайы Құлдаркүл Досымбекова шөбересімен

"Соғыс әлі түсіне кіреді"

Ардагер 9 бала тәрбиелеп, 40 немере, 25 шөбере сүйген. Ғасыр көрген атаның қазір денсаулығы сыр берген. 

"Батыр адамның жұбайы болу - үлкен жауапкершілік. Соғыс оны өмір бойы дисциплинаға үйреткен. Ол көп жұмыс істеді, уақытын босқа өткізген емес. Әрдайым жаттығу жасайтын. Қазір сәл сырқаттанып қалды, жату керек. Ал, соғыс әлі күнге дейін түсіне кіреді. Соғыстан қайтпаған фронттағы достарын еске алады", - дейді жұбайы Құлдаркүл Досымбекова. 

 Майдангер атаның немересі

"95 жасқа дейін көлік айдады"

"Соғыстан келген соң автобус айдады. Жұмысқа белсенді болатын, қайтпайтын. Сол еңбегін ақтап, қауын-қарбыз, картоп, бақша екті. Мал шаруашылығымен де айналысты. Еңбектеніп келді. Кейін автобус тексеретін болып жұмыс істеді. Еш жұмыстан бас тартпайтын. 95 жасқа дейін көлік айдады. Өзі салмақты, адал кісі. Осы кісінің тәрбиесін көрген балалары - еңбекқор. Бәрі де Отанға қызмет істеуге дайын. Барлығы атасының жолын қуады", - деп мақтанады жұбайы Құлдаркүл Досымбекова. 


Атасының ерлігін мақтан ететін шөберелері

Ардагердің "Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі" ордені, "3 дәрежелі даңқ" ордені,  "2 дәрежелі даңқ ордені", "Германияны жеңгені үшін" медалі және 18 мерейтойлық медалі бар. Кеудесіне медаль таққан батырдың Нұр-Сұлтан қаласында тұратын қызы әкесін мақтан етеді. Бүгінгі тыныш заман үшін қара жанын аямаған әкенің ерлігін ұл-қызы қастерлейді.

"Әкемнің ардагер екенін мақтан тұтамын. Біздің қазіргі бейбіт өміріміз үшін қара жанын салған ардақты азамат деп білемін. Елі үшін, жері үшін қыршындай 20 жасында сұрапыл соғыс майданына кеткен әкеміздің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Қастерлейміз. Әкем өте сабырлы, қайратты кісі. Ардагер әкемнің барына кеудемді мақтаныш кернейді", - дейді  Жұлдыз Сиқымбайқызы.

Сиқымбай Мамыров жұбайы және қыздарымен

Біз қысқаша баяндаған пулеметші Мамыровтың өмірі туралы көркем фильм түсіруге болады. Отбасы оқ тиіп қайтты деген қара қағазды үш рет алған. Шындығында жаумен қарсы келген майдангер жерді тасалап, тәулік жатқан. Кейін майдангерлер тауып, госпитальге жеткізген. Ал, бүгінде Сиқымбай Мамыров туралы біз жазып отырмыз. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети