Маутканов Арынгазы

  • Фото ветерана: Маутканов Арынгазы
    Маутканов Арынгазы
  • Фото ветерана: Маутканов Арынгазы
  • Фото ветерана: Маутканов Арынгазы
  • Фото ветерана: Маутканов Арынгазы
  • Фото ветерана: Маутканов Арынгазы
    Фото ветерана: Маутканов АрынгазыФото ветерана: Маутканов АрынгазыФото ветерана: Маутканов АрынгазыФото ветерана: Маутканов АрынгазыФото ветерана: Маутканов Арынгазы

Мой дедушка Маутқанов Арынғазы родился в 1906 году в селе Кокжыра Самарского района Восточно-Казахстанской области. Был призван по мобилизации в сентябре 1943 года и демобилизован в начале 1946 года. А его братишка Маутқанов Серғазы был мобилизован в 1941 году служить во военно-морской флот и демобилизован в 1945 году. Когда дедушка Арынғазы ушел воевать ему было 37 лет. Дедушка не любил рассказывать про войну, говорил что много было смерти и много хороших людей погибло. Но в тоже время он всегда говорил о любви к Родине.

До войны он был рабочим с "золотыми руками", чем бы ни занимался, у него всегда все получалось ладно и лучше всех. Был лучшим плотником, сапожником, пастухом и т.д., но самое главное, по моему мнению, дедушка перенял от своего отца понимание природы и методику лечения по казахской медицине и занимался врачеванием. И скорее всего из-за всех его качеств и добросовестного отношения к труду он не был мобилизован по брони в самом начале войны. Из рассказов дедушки нам известно, что он сначала воевал в стрелковых войсках (54 стрелковый полк, 33 мотострелковый полк), потом после ранения и госпитализации продолжил воевать в мотострелковых войсках.

Он дошел до Берлина и вернулся живым и здоровым с Великой Победой. Имел много наград среди них такие медали как "За освобождение Варшавы", "За освобождение Праги", "За взятие Берлина", орден "Отечественной войны" и т.д. Послевоенные годы дедушка и бабушка Құйқабайқызы Күлсəн не жалея сил, не покладая рук работали и старались помочь всем, кому нужна была помощь. Бабушка Күлсән во время войны была лучшим механизатором. Многим родственникам и односельчанам были примером во всем. У дедушки дома всегда было много людей, как родственников и односельчан так и тех, кто приходил к нему лечиться. Он вылечивал даже тех больных, лечить которых отказывались врачи. Дедушка был человеком труда, и практически до конца своих дней работал по хозяйству. И уже в мирное время за добросовестный труд был также награжден медалью "Ветеран труда". Героизм дедушки, бабушки и многих людей в те годы главным образом заключается в том, что они несмотря на лишения и трудности войны и послевоенной разрухи смогли прожить достойную жизнь. Дед с бабушкой вырастили и воспитали семерых дочерей и троих сыновей.

Атамыздың өнегелі ғұмырынан... 

Дөңгеленген дүние дүбірсіз болмайды. 1941 жылғы Ұлы Отан соғысының басталуы бүкіл əлемді дүр сілкіндірді.
Соғыстың сұмдық қара дауылы бейнелеп айтқанда, Кеңестер Одағы - алып бәйтеректі сұрапыл соққының астына ала ырғап-ырғап жіберді.

Суық хабар таралған соң бүкіл елге "Бəрі де майдан үшін, Бəрі де жеңіс үшін!" деген ұран тасталды. Бейбіт еңбектегі ер азаматтар майданға аттанды. Солардың қатарында нағашы атамыз Мəуітқанов Арынғазы да Отан қорғауға інісі Серғазымен кетті. Майдан жолы оңай емес. Ол туралы жазғанда бояп сөйлеу, артық мақтау да қиянат болмақ. Жорық жолы тайғаққа, қатерге толы, ол от кешу екені аян. Сол жорықта егескендер жан аяспайды.

Әскер қатарына алынған кезде атамыз 35 жаста болыпты. Атамыздың айтуы бойынша ол жаяу əскер қатарына алынған, ал інісі теңіз флотында өз парызын өтеген. Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданы Көкжыра колхозынан соғысқа аттанған атамыз Украина, Белоруссия майдандарында болып, сонау Берлинге жетіп, ұлы жеңістің туын желбіретіп, елге оралған.
Ажал сұмдығын шашып, жаңбырша жауып тұрған оттың астында осындай ер жүрек қимыл жасау нағыз қаһармандық екені анық. Отты майдан шебінде атамыз Арынғазы да, барлық қаруластары сияқты мұз жастанып, қар төсенеді. Талай-талай бұралаң жол, атыс, шабыс қатерлерін бастан кешірді. Атамызда бабалардан келе жатқан емдеу қасиеті болған. Соғыста атамыз жараланған майдангер жолдастарына алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қолынан келгенін аянбаған. Сол бір жан алысып жан беріскен қиян кескі соғыста атамызда басынан жарақат алған.

Атамыздың əңгімесінен түсінгеніміз - жауынгерлер жаз демей, қыс демей жандарын аямай шайқасып, соғыстың барлық қиындығына төзеді білдірген. Аяқтарынан сыз өткен кезде қайыңның қабығын табандарына ұлтарақ еткен екен. Осылайша, олар ұлтқа, руға бөлінбей, бəрі бір үйдің баласындай жұмылып жеңіс үшін аянбады. Міне, осындай бірлік пен достықтың, өз отанына деген сүйіспеншіліктің арқасында жеңіске жеткен. Соғыстың бар ауыртпалығына мойымай төзіп, талай шайқастарға қатысып, қаншама жау əскерін жер жастандырып, ұлы жеңіске жетуге өз үлесін қосқан атамыз елге көптеген төсбелгілермен оралған.

Соғыстың кейінгі жылдары пулеметші болыпты. "Варшаваны алғаны үшін", "Праганы алғаны үшін", "Берлинді алғаны үшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.
"Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз аман қалады" деген нақыл сөзде өмір шындығы бар. Күркіреген күндей найзағайын жарқылдатып өткен сұрапыл соғыстан атамыздың аман-есен оралғанына шүкіршілік етеміз.

Соғыс кезінде майдан даласы шайқасқа толы болғаны рас. Жаумен қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлердің қаһармандық ерлігі ерекше. Тылдағы қарттар, əйелдер, балалар бес саусақтай жұмылып, уақытпен санаспай еңбек еткен апамыз Құйқабайқызы Күлсəнға алғысымыз шексіз. Сол жылдары ол кісі механизатор болып күні түні еңбектенген екен. Ауыр салмақты иығымен қажымай көтергені еріліктің ғажап үлгісі болып табылады....

Соғыстан келіп атамыз ерінбей еңбек етіп "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған. Атамыздың ерлігі өз тағдырымен байланысты. Ұлы Отан соғысынан женімпаз атанып, аман есен оралып, шаруашылықтың құлдырауына жол бермей ерен еңбек етіп, жеті қыз үш ұлды өсіріп еліне қызмет жасады. Бауырларына қамқоршы болып, көрші қоландарына абыройлы болып, жетім-жесірлерге көмегін аямаған.

Нравится