Жумаликов Абдолла Оразгалиевич

  • Фото ветерана: Жумаликов Абдолла Оразгалиевич
    Жумаликов Абдолла Оразгалиевич
  • Фото ветерана: Жумаликов Абдолла Оразгалиевич
    Фото ветерана: Жумаликов Абдолла ОразгалиевичФото ветерана: Жумаликов Абдолла Оразгалиевич

Выписка из фронтового приказа: "Участвуя в наступлении 22.02.1944 по прорыву линии обороны противника на реке Черница Жумаликов несмотря на сильный минометно-артиллерийский обстрел противника бесперебойно снабжал и подносил снаряды к орудию и готовил их к стрельбе, одновременно помогал вести огонь из орудия, этим самым обеспечил продвижение своих частей. При попытке противника уничтожить орудие, Жумаликов забросал гранатами и огнем из автомата, уничтожив семь гитлеровцев. После этого вынес тяжело раненого офицера". Удостоен медали "За отвагу".

Службу проходил в 152-ом укрепительном районе Западного фронта, в 346-й отдельном пулеметно-артиллерийском батальоне.

Мен нағашы атам Абдолла Оразғалиұлы Жұмалықов туралы баяндағым келеді. Ол 1922 жылы 5 мамырда туған. Жас жігіт 1941 жылы 2 қазанда Чкалов облысы Қуандық ауданының әскери комиссариатқа шақырылып, соғысқа аттанды. Ол үйдің жалғыз баласы болатын. Абдолла 346-ші жеке пулемет-артиллерия батальоны құрамында Батыс майданындағы 152-ші нығайтылған ауданда майданда қорғаныс шебінде болды. Қызыл әскер қатарындағы жауынгер "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған. 1944 жылдың 22 ақпанында Үшінші белорус майданында Черница ауданында жаудың қорғаныс шебін бұзу жөніндегі шабуылға қатыса отырып, қызыл әскер Жұмалықов қарсыластың миномет пен артиллериядан жойқын оқ жаудырғанына қарамастан, өз бөліміне үздіксіз снаряд жеткізіп, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырды, сонымен бір мезгілде кеңес әскерінің қарудан оқ атуына, сөйтіп, алға жылжуына көмектесті. Жау кеңес әскерінің қаруын жоюға әрекеттенген кезде қызыл әскер жауынгері Жұмалықов гранаталарды лақтырып және автоматтан оқ жаудырып, 7 фашисті өлтіріп, содан кейін ауыр жараланған офицер мен тағы бір сарбазды ұрыс алаңынан алып шықты. Осы ерлігі үшін 1944 жылдың 10 сәуірінде үкіметтік наградаға ұсынылды.

Ата соғыстан кейін елге келіп, әке-шешесін іздестіреді. Отбасы Орынбор облысының Қуандық ауылынан Ақтөбе облысының Ойыл ауданына көшіп кеткен екен. Ата Ойылға келіп, әскери комиссариаттан өзінің шешесі Аққағаздың осы ауылда аман-есен тұрып жатқанын біледі. Шешесі ұлы соғыста болғанда бауырына қайнысының екі баласын басқан. Абдолла Жұмалықов Ойыл ауданында біраз уақыт коммуналдық шаруашылық саласын басқарды. 1986 жылы Жеңістің 40 жылдығы тойланғанда атаға І дәрежелі Отан соғысы ордені берілді. 1991 жылы ауыл ақсақалдарымен бірге Ойыл ауылында Көкжар мешітін қалпына келтіруге және ауылда жаназа намазын оқитын мамандарды тәрбиелеуге бастама көтерді.

"Бала кезімде жаңажылдық ертеңгілікте Аяз ата алдында өнер көрсетіп, сыйлық ал деді. Мен өнер көрсетуге ұялып, бас тарттым. Аяз ата сыйлықты сонда да берді. Сол үшін маған қатты ұрысты, әрбір сыйлықты еңбек сіңіріп алу керек деп үйретті. Тәртіпке қатал болғанымен, жүрегі жұмсақ адам еді, балаларды қатты жақсы көретін. 14 наурыз күні амал мерекесінде туысқандардың бәріне барып, көрісуді талап ететін. Ленинград шайқасында болғанын әңгімелейтін, қолына, бас бармағына оқ тигенін, госпитальде жатқанын айтатын", - дейді қызы Әлия Жұмағалиева.

Абдолла Жұмалықов пен оның зайыбы Сұлу бес бала тәрбиелеп өсірді: Роза, Жалғас, Жалғасбай, Әлия, Нәзипа.

Нравится