«Астананың тарихы — бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихы» Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті

Алаштың мерейін өсіріп, тәуелсіздіктің таңы атқан тарихи сәтке биыл 25 жыл толып отыр.
Ата-бабамыз сан жылдар аңсаған азат күн бізге бұйырды.
«Астана – тәуелсіздік тұғыры» веб-деректі жобасы
«Астана – тәуелсіздік тұғыры»
1991 жылдан бастап, 2016 жылға дейінгі ширек ғасырда
еліміз басынан өткерген айтулы оқиғаларды ой елегінен өткізіп, назарларыңызға ұсынады.
Қазақстан Республикасы

2016 жыл
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының Әнұраны:
Герб:
Қазақстанның
Елтаңбасы
Ту
Қазақстанның
Көкбайрағы
Жер көлемі:
әлем бойынша
9-ыншы орында
2,724,900 км²
Құрлық:
98,25 %
Су:
1,75 %
Халық саны:
17 753 200
  • Карағанды облысы

    Әкімшілік орталығы — Қарағанды қаласы

    Жер көлемі: 427 982 км²

  • Актюбинская область

    Әкімшілік орталығы — Актобе қаласы

    Жер көлемі: 300 629 км²

  • Шығыс Қазақстан облысы

    Әкімшілік орталығы — Өскемен қаласы

    Жер көлемі: 283 226 км²

  • Алматы облысы

    Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы

    Жер көлемі: 223 911 км²

  • Қызылорда облысы

    Әкімшілік орталығы — Қызылорда қаласы

    Жер көлемі: 226 019 км²

  • Қостанай облысы

    Әкімшілік орталығы — Қостанай қаласы

    Жер көлемі: 196 001 км²

  • Маңғыстау облысы

    Әкімшілік орталығы — Ақтау қаласы

    Жер көлемі: 165 642 км²

  • Батыс Қазақстан облысы

    Әкімшілік орталығы — Орал қаласы

    Жер көлемі: 151 339 км²

  • Ақмола облысы

    Әкімшілік орталығы — Көкшетау қаласы

    Жер көлемі: 146 219 км²

  • Жамбыл облысы

    Әкімшілік орталығы — Тараз қаласы

    Жер көлемі: 144 264 км²

  • Павлодар облысы

    Әкімшілік орталығы — Павлодар қаласы

    Жер көлемі: 124 755 км²

  • Оңтүстік Қазақстан облысы

    Әкімшілік орталығы — Шымкент қаласы

    Жер көлемі: 117 249 км²

  • Атырау облысы

    Әкімшілік орталығы — Атырау қаласы

    Жер көлемі: 118 631 км²

  • Солтүстік Қазақстан облысы

    Әкімшілік орталығы — Петропавл қаласы

    Жер көлемі: 97 993 км²

  • 15
  • 16
  • 17
  • Астана

    Әкімшілік орталығы — Астана қаласы

    Жер көлемі: 710 км²

  • 19
  • Алматы

    Әкімшілік орталығы — Алматы қаласы

    Жер көлемі: 682 км²

  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
Әділбек Жақсыбеков
Өмірзақ Шөкеев
Иманғали Тасмағамбетов
Досмұхамбетов Темірхан
Асқар Мамин
Әсет Исекешев
1991 1993
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
1991 жылдың 16 желтоқсанында
Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялады.

Осынау айтулы сәттен бастап Қазақстан көпұлтты,
зайырлы мемлекет болып танылды.

Тәуелсіздікке қанат қаққан 1991 жылы ел астанасы 1 млн 134 мың тұрғыны бар оңтүстіктегі ару қала Алматы болды.

Бұл тұста болашақ астана, Сарыарқаның төсінде жатқан Целиноград қаласының 300 мыңға жуық халқы бар еді.


ХХ ғасырдың соңында иен далаға осы заманғы қаланы салу мүмкін емес, бұл өлкені көтеру, тек кеңестік кезеңде, тың көтерумен ғана байланысты болды деген сөздер жиі айтылатын. Алайда, қазіргі Астана тұрған жер – ықылым заманнан адам қоныс қылған өңір.

1998 жылы археологтар қазіргі Астанадан бес шақырым жерден ортағасырлық Бозоқ қаласының орнын тапты. Бозоқ Қыпшақ хандығының ірі діни-мәдени орталығы болған. Бүгінде Астана қаласының аумағы болып отырған Қараөткелде 1830 жылы Ақмола әскери бекінісі салынды. Ал 1962 жылдың мамыр айында Ақмола елді мекеніне қала мәртебесі берілді.

Қаланың орналасқан аймағы өз тиімділігін 1863 жылдың өзінде-ақ байқата бастады. Қытай, Ресей және Орталық Азия арасындағы сауда жолдары түйісетін тұста қоныстанған Ақмола өзінің қолайлы географиялық жағдайының арқасында Қазақстанның ғана емес, оңтүстік Сібірдің де ірі сауда орталығына айналды. Ал сауда-саттық тұрғындар санының артуына сеп болды.

Ақмоланың даму тарихындағы маңызды кезеңнің бірі тың игеру жылдары болды. 1953 жылы Солтүстік Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен еріктілер келе бастады. Тек 1953 жылдан 1958 жылға дейінгі аралықта Ақмола облысына 270 мыңға жуық адам көшіп келген.

1960 жылы Ақмолада 100 мыңға жуық тұрғын өмір сүрді. Ал 1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді және ол Қазақстанның барлық солтүстік облыстары кірген Тың өлкесінің орталығына айналды.

60-жылдардың басы, Тың игерушілер сарайы
«Ақмола - Есіл бойындағы қала» фильмінен үзінді (Борис Мамаев, Владимир Гундарев)
Нұрсұлтан Назарбаев
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» кітабында «Қазақстан егемендігінің орнауы ғарыштың өзінен басталады» деп атап көрсетті. Себебі, 1991 жылы тамыз айында «Байқоңыр» ғарыш айлағы республиканың меншігі деп жарияланса, Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарынан кейін, 1991 жылдың 16 желтоқсаныда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды.
Тоқтар Әубәкіров
1991 жылы қазан айында, яғни ел тәуелсіздігі жарияланардан екі ай бұрын ғана КСРО-ның соңғы, ал қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Ол ғарышта бір аптадан аса уақыт жұмыс істеп, жерге оралды.
1992 жыл — Тәуелсіз Қазақстан тарихының алғашқы жылы. Күні кеше егемендігін жариялаған жас мемлекет тұтастығын сақтап қалу үшін өз әскерін құрып, халықаралық аренада дербес орнын айқындап,
басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын межелеген аса жауапты кезең бұл.
Қаңтарда Республикалық Ұлан құрылып, ішкі әскер жасақталды.
30 қаңтарда Қазақстан ЕҚЫҰ-ға, 3 науырызда БҰҰ-ға, 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болды.

1992 жылы тарихқа тағзым ретінде Целиноградқа
оған 1830 жылы берілген бастапқы Ақмола атауы қайтарылды.

Өз әскерін құра отырып, Қазақстан Кеңес одағынан «мұраға» қалған атом қаруынан бас тартты. КСРО тарағаннан кейін еліміздің еншісінде қуаттылығы жағынан әлемде төртінші орында тұрған алып ядролық әлеуеті болды. Бүкіл әлемнің тыныштығы мен бейбітшілік үшін ядорлық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақ елінің қадамы –
әлемдік тәжірибедегі алғашқы және бірден-бір оқиға.

1992 жылдың мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаевтың Португалияға жасаған ресми сапары барысында Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге қол қойды.

«Қазақстан астанасын ауыстыруды мен Алматының не экономикалық, не геосаяси жағынан тәуелсіз мемлекеттің астанасы ретіндегі талаптарға қазірдің өзінде-ақ жауап бермейтіндігімен дәлелдедім. Тұрғын саны біржарым миллиондық көрсеткішке жақындап қалған оның аумақтық тепе-теңдік пен орналасу кеңістігі жағынан келешегі тым шектеулі еді. Алматының аумағын кеңейту қажет еді, бірақ құрылыстардың тығыз орналасуынан және бос жерлердің аз болуынан қаланы кеңейтуге мүмкіндік жоқ еді». (Нұрсұлтан Назарбаев, «Қазақстан жолы»)
1993 жыл – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын
Алматыдан көшіру туралы ойын жұртқа жарияламастан бұрын,
осы мәселе төңірегіндегі көптің пікірін саралап жүрген шақ.
1994 1999
Арқада туған алып
«Астананы көшіру Қазақстанды жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде орнықтыруда зор рөл атқаратынына мен сенімді болдым. Осылайша, астананы көшіруді біз әуел бастан геосаяси тұрғыда Қазақстанды нығайтуға бағытталған қадам ретінде қарағанбыз. Сөйтіп, біз өзіміздің бейбітшіл сыртқы саясатымыздың сан салалы бағыттылығын қуаттадық. Осы әрекетімен Қазақстан Солтүстікпен және Оңтүстікпен, Шығыспен және Батыспен тең құқықты ынтымақтастыққа ашықтығын паш етті». (Нұрсұлтан Назарбаев, «Еуразия жүрегінде»)
1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы идеяны ұсынды. Мемлекет басшысының баяндамасынан соң залда сілтідей тынған тыныштық орнады. Президент келтірген дәйекті дәлелдерге қарамастан, оның идеясы сол кезде жүзеге асуы мүмкін емес ғажайыптай көрінген-ді. Дегенмен, астананы солтүстікке қарай
1000 шақырымнан да ұзақ қашықтықта жатқан Сарыарқаның сайын даласына көшіру туралы шешім қабылданды.
Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толу құрметіне арналған
Қазақстанда Ұлы Абайдың 150 жылдығы кең көлемде тойланды. Осы жылы өткен іс-шаралардың барлығы дерлік мерейтойға арналды. Абай Құнанбаевтың 150 жылдығын кең көлемде атап өту барысында Қазақстанға 25 елден делегация келді. Ал ақынның туған жерінде Мемлекеттік тарихи-мәдени мемориалдық кешен ашылды. Ресейде, Украинада, Қырғызстанда, Түркияда, Қытайда, Францияда қазақ ақынының мерейтойына арналған
мерекелік іс-шаралар өтті.

1995 жылы 15 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Заң күші бар Жарлық жарияланды. Бұл құжатта Ақмола қаласына Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құруға тапсырма берілді.

«Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындады. Сондықтан елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады. Қала төрт тарапқа: Оңтүстікке, Солтүстікке, Батысқа, Шығысқа бірдей ашық.

Екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәселесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс.

Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Шынында, облыстық орталықтар дами бастады, экономиканың, құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан нық тұрды. Бұрын-соңды болып көрмеген қарқында тұрғын үй құрылысы дамуда.

Төртіншіден, астананы аймаққа қарай көшіре отырып, біз құрамы жағынан көп ұлтты, тұрақты полиэтностық мемлекетті құру, Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау және нығайту бағытын тағы да дәлелдедік».

1995 ж. Ақмоланың орталық алаңындағы түйе мінген бала
«Ақмола - Есіл бойындағы қала» фильмінен үзінді (Борис Мамаев, Владимир Гундарев)
Елдің жаңа астанасы – Ақмолада құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатты. Қазіргі «Самал» шағын ауданында мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасыларына арналып үйлер салынды.
Бұл мемлекеттік қызметкерлердің жәй ғана жұмыс орнын ауыстыруы емес еді. КСРО күйрегеннен кейін, шенеуніктердің арасында еңсені басқан торығу мен жалған бұқарашылдық басым болды. Міне, осы тұста Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерді сілкінтіп, мең-зең күйден шығаратын, ал жас мемлекетке басқарушылардың жаңа легі қажет екенін жақсы түсінді. Жаңа астанада мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буынын –
жаңаша ойлайтын, кәсіби, сауатты да алғыр мамандарды қалыптастыру қажет болды.
«Бұл 1996 жылдың ортасы еді. Аманжол Бөлекбаев өзінің ЕЭА құру туралы ойын өткізе алмай қалай сергелдеңге түскені туралы айтып берді. Үкіметтің айналысып жатқан шаруасы қыруар екенін түсінгеніммен, дәл осындай шарасыздыққа қатты қынжылдым. Қалыптасқан жағдай үндемей аяқтан шалу деп бағалауға лайық еді. Ой дұрыс және ұсыныс уақтылы жасалып отыр, оны қалай да жүзеге асыру керек». (Нұрсұлтан Назарбаев, «Еуразия жүрегінде»)
1996 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен астанада Ақмола еркін экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. Еркін экономикалық аймақ қала құрылысының қарқынды жүруі үшін қаражат тартуда және сол жағалауды игеруде қуатты катализатор болды.
Ақмола ЕЭА-ның табысты жұмыс нәтижесінде, қала экономикалық аймақ жұмысынан түскен табыстың 60 пайызын алып отырды. Бұл табыстан облыс бюджеті де құр қалған жоқ – ол жаққа ЕЭА қаражатының 40 пайызы жөнелтілді.
20 қазан 1997 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев
«Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды.

8 қарашада Елордаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері:
Көк байрақ, Елтаңба және Президент байрағы жеткізілді.
10 желтоқсанында Президенттің қатысуымен Үкімет пен Парламенттің біріккен отырысы өтіп, астананы көшірудің жүзеге асқандығын айғақтады. Бұл уақытта қала құрылысы қарқын алып, үйлер ғана емес,
тұтас шағын аудандар салынып жатты.
1998 жыл, Ақмоланың орталық алаңы
1998 ж. «Сәлем, Астана» фильмі

1998 жыл ел астанасы атауының өзгеруімен есте қалды. 6 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласының атын Астана деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

«Түрлі ұсыныстар айтылды. Қаланы елдің атымен Қазақстан деп атау жөнінде, басқа да, соның ішінде Нұрсұлтан деп атау керек деген де ұсыныстар болды. Қалай болғанда да, Ақмола атауын өзгерту қажеттігі жаппай айтылып жүрді....Мүмкін Қараөткел дерміз? Алматы өзімен бір аттас Алматы шатқалының атымен аталған ғой. Әлде Есіл ме? Сарыарқа ма? Бірақ көкейге қонар емес. Шынын айтқанда, астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, ат іздеумен болдым. Бір жолы түнде, дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені. Астана дегеніміз астана! Қазақша әдемі естіледі. Қомақты, ауыз толады, қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі. Бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық реңк бар. Астана!»

10 маусымда жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті: тәуелсіз Қазақстан бүкіл әлемге өзінің жаңа, жас, жасампаз елордасы – Астананы таныстырды.

25 ақпан мен 4 наурыз аралығында Қазақстанда алғашқы ұлттық халық санағы өткізіліп,
республика бойынша 14 953 123 адам тіркелді. Ал бұл кезде Астана тұрғындарының саны - 319 324-ке жетті.
2000 2005
Астана – әлем мойындаған қала
Тәуелсіз Қазақ елі ХХІ ғасыр табалдырығын жаңарған қалпында, өзінің жаңа астанасымен аттады.
Елде және Астананың өзінде үшінші мыңжылдық мерекесі – Миллениум кең көлемде тойланды.

Осы жылы Астана «Халықаралық астаналар мен ірі қалалардың ассамблеясына» (ХАҚА) мүше болды.
2000 жылы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен Қашаған кен орны ашылды. Ол – соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі кен орны. Зерттеу деректеріне сәйкес, теңіз түбінен табылған кен орнының мұнай қоры
құрлықтағы 250 кен орнының қорына пара-пар. Қашаған кен орнын игеру теңіз үстіне
қолдан жасалған аралдардың көмегімен жүргізілуде.
2001 жылдың 15 маусымында Жапонияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі жасаған,
Астананы дамытудың Бас жоспары қабылданды. Ашық конкурсқа әлемнің айтулы сәулет державаларынан
50-ден астам жоба ұсынылды. Солардың арасынан жаңа астананың бас жоспары ретінде
жапондық Кисе Курокаваның жобасы қабылданды. Кейіннен Бас жоспарға айтарлықтай өзгерістер енгізілді.
2001 жылдың сәуір айында Байқоңыр ғарыш айлағынан алғашқы ғарыш-саяхатшысы – 60 жастағы Деннис Тито ұшты. Америкалық кәсіпкер ғарышқа жасаған осы сапары үшін 20 миллион доллар төледі.
2002 жылдың 30 тамызында бас қаланың бойтұмары — «Астана-Бәйтеректің» тұсаукесері өтті.
Жұртшылықтың көзайымына айналған «Бәйтерек» идеясын Елбасы ұсынды. Ал жобаның сәулетшісі —
Ақмырза Рүстембеков. «Бәйтеректің» ұшар басындағы шар жер тағанынан 97 метр биіктікте орналасқан.
Бұл санның өзіндік символикалық мәні бар. Ол Астана қаласының елорда мәртебесіне ие болған
1997 жылды білдіреді. Ал жалпы діңінің биіктігі – 105 метр.
«Бәйтеректің» негізгі ұстыны Бейбітшілік дарағы болып есептеледі. Ежелгі ұғым бойынша, «бәйтерек» сөзінің өзі
«өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Тамырын тереңге жайып, жапырағы жайқалған алып ағаш
жас мемлекеттің өткені мен болашағының белгісі іспеттес.
2003 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Астанада
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті. Әлемде алғаш рет ұйымдастырылған осынау жиынға Еуропа, Азия, Африка мен Таяу Шығыстың 13 елінен келген мәртебелі қонақтар мен дін өкілдер қатысты.
2004 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясы —
Ақорда ресми түрде ашылды. Резиденция іргетасы 2001 жылы құйыла бастаған.
Жалпы ауданы 36 720 шаршы метрді құрайтын ғимараттың биіктігі үшкір төбесімен қоса алғанда - 86 метр.
Ақорда – ел дамуының жаңа философиясының көрнекті бейнесі.
Қазақ бейнелеу өнері туындыларының бірегей жинағы резиденцияға көркем тұтастық береді.
Бейнелеп айтқанда, ол Ұлы дала өркениеті еуропалық мәдениет айнасынан көрініс тапқандай.
2004 жылы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысында Қазақстанның 15 миллионыншы тұрғыны —
Перизат Өскенбаева дүниеге келді. Ал онымен бірге туған сыңар-інісі ел тұрғындары санының
16 миллиондыққа аяқ басқандығын айғақтап, 15 000 001-ші қазақстандық болды.
2005 — Қазақстанда Президент сайлауы өткен жыл.
4 желтоқсанда өткен жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 91,15 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.
2006 2010
Тәуелсіздіктің нығаюы
2006 жылы 7 қаңтарда бұған дейін қазақстандықтар арасында өте танымал болған «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны мәртебесіне ие болды. 1956 жылы Шәмші Қалдаяқов жазған бұл әннің мәтініне мемлекеттік гимн мәртебесіне лайықталып өзгерістер енгізілді.
2006 жылы Астанада бірегей сәулет ғимараты — Бейбітшілік және келісім сарайы ашылды.
Пирамида үлгісіндегі ғимарат әлемдегі түрлі діндер мен көптеген мәдениеттердің бірлігін білдіреді.
Жоба авторы — әйгілі ағылшын архитекторы Норман Фостер. 25 қабаттан тұратын пирамиданың биіктігі – 62 метр. Ғимаратта 1,5 мың орындық опера залы, мұражай, көрме алаңдары, конференция залы, кітапхана,
діндер орталықтары орналасқан.
2007 жылы Қазақстанда Ұлттық ғарыш агенттігі құрылды. Қазғарыш ғарыш қызметі саласындағы
мемлекеттік реттеуді, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен
технологияларды, кадр әлеуетін қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамытуды жүзеге асырады.
2008 жылдан бастап 6 шілде мемлекеттік мереке болып жарияланды.
Бұл күні қазақстандықтар Астана күнін тойлайды.
Астанада 2008 жылдың 15 желтоқсанында Тәуелсіздік сарайы ашылды. Ұлттық нақышпен қатар
соңғы үлгідегі технологиялар негізінде безендірілген ғимараттың архитектуралық ерекшелігі –
қабырғаларының кереге стилінде жасалғандығында. Президенттің өзі «Бас сарай» деп мәртебе берген
зәулім сарайдың жалпы ауданы 40 мың шаршы метрден асады.
Астана — мемлекет үшін аса маңызды мәселелер шешілетін, Қазақ елінің жан-жүрегі.
Мұнда күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген қонақтар мен арнайы делегациялар келеді.
Олармен кездесулер нақ осы Тәуелсіздік сарайында өтеді.
«Біз ел өміріндегі өте маңызды оқиғаға қатысып отырмыз. Менің тапсырмам бойынша, Қазақстанда тұңғыш президенттің 20 зияткерлік мектебі ашылатын болады. Зияткерлік мектептен түлеп ұшқан жастар болашақта ел басқару ісіне араласады деп сенемін. Сондықтан да, интеллектуалдық мектептерде оқитын жастарға және оларға білім беретін ұстаздарға мемлекет зор жауапкершілік артып отыр. Ұлты бәсекеге қабілетті болғанда ғана, Қазақстан өзгелермен бәсекелесе алады. Ал бәсекеге біліммен ғана түсуге болады. ХХІ ғасыр — білім мен ғылымның ғасыры».
(Нұрсұлтан Назарбаев)
2009 жылы 12 қаңтарда Астанада республика бойынша тұңғыш зияткерлік мектеп ашылды. Қарапайым мектептерден бұл мектептердің айырмашылығы, мұнда мамандандырылған (физика-математикалық және т.б.) бағытта тереңдетіп оқытады және оған Қазақстанның барлық аймағынан дарынды балалар қабылданады.
2009 жылы Астанадағы Тәуелсіздік алаңында «Қазақ Елі» монументі салтанатты жағдайда ашылды.
Зәулім ескерткіштің биіктігі – 91 метр. Ескерткіштің биіктігі Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылға
орайластырылып белгіленген. Ал стеланың ұшар басында алып Самұрық құс бейнеленген.
Қазақ ұғымында Самұрық еркіндіктің, күш-қуат пен тәкәппарлықтың символы саналады.
Бұл да іргесі берік, шаңырағы биік Қазақ елінің жиынтық бейнесі іспетті.
«Еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауы және бұл Саммит сыртқы саясаттағы үлкен жетістігіміз болып табылады. Соның арқасында Қазақстанды бүкіл әлем біледі. Бұған дейін Қазақстан географиялық жағынан Еуразияның кіндігі болып келсе, енді саяси тұрғыдан да Еуразия орталығы болып отыр».
(Нұрсұлтан Назарбаев)
2010 жылдың 1-2 желтоқсан күндері онжылдық үзілістен кейін Астанада ЕҚЫҰ Саммиті өтті. Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 елдің мемлекет және үкімет басшылары, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да
халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты.
2011 2016
Астана — арман қала
2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жарияланды.
Осыған орай, Астанада желтоқсан айында «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы бой көтерді.
Қақпаның сол жағына даналықтың нышаны - абыз-ақсақалдың, оң жақ бетіндегі қуысқа
отбасының ұйытқысы - әйел-ананың, сондай-ақ, көшпелі жауынгер мен қазіргі
қазақстандық әскери қызметкердің қоладан құйылған мүсіндері орналастырылған.
2012 жылы 6 шілдеде «Әзірет Сұлтан» орталық мешіті салтанатты түрде ашылды.
Қазақстан халықының рухани құндылығының нышаны іспеттес мешіт – Астанадағы
сәулеті келіскен, көрікті ғимараттардың бірі. Ол Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болып табылады.
Мұнда мұсылман мерекелерінде бір мезгілде 10 мың адамға дейін намаз оқи алады.
2016 жыл. Астанадағы құрылыс жұмыстары жалғасуда, қала өзіне қатысты айтылған
барлық батыл болжамдарды әшкерелеп, өзінің қайталанбас ырғағымен серпінді тірлік кешіп жатыр.
Қала халқы 2002 жылдың өзінде 2010 жылға болжанған көрсеткішке жетіп жығылды.
Ал 2016 жылдың 4 шілдесінде елорданың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.
Алғыс білдіреміз:

«Астана қаласының Статистика департаменті» ММ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» РММ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» РММ

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ

«Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты» РММ

«Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ

«Астана Опера» — Мемлекеттік опера және балет театры

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты

«ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ

«Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС

Қазақстан Респубикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш)

North Caspian Operating Company

«Думан» Ойын-сауық орталығы

«Dixinews.kz» Желілік басылымы

Әулие Успенск кафедралды шіркеуі

Фотографтар: Василий Крась, Сали Сабиров, Мұқтар Холдорбеков, Қанат Мусин

Жоба:

«Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ

«Black&White Group» ЖШС

E-mail: mail@bw.com.kz

© 2016

«Уақыт айнасы» фильмінен үзінді (Еуразия бірінші арнасы)