04 октября 2021 | 11:11

Арман Әшімов қарсыласын нокаутқа түсірген жекпе-жектің видеосы жарияланды

©instagram.com/naiza.mma

Желіде қазақстандық файтер Арман Әшімов пен әзербайжандық Серхан Валили жекпе-жегінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қазақстандық файтер Арман Әшімов пен әзербайжандық Серхан Валили жекпе-жегінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Спортшылар Алматыда өткен NFC 34 турнирінде күш сынасты. Қазақстандық файтер қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Желіде Валилидің нокаутқа түскен сәтінің видеосы жарияланды. 

Реклама
Реклама

Бұл - Әшімовтің ММА-дегі 12-жеңісі, одан бөлек үш рет жеңіліп, бір мәрте тең түскен. Кейінгі рет ол 2019 жылы тамызда жекпе-жек өткізген еді. Ал Валили карьерасында үшінші рет жеңіліп отыр, оның алдында алты рет жеңіп, бір рет қарсыласымен тең тарқасқан. 

NFC (Naiza Fighting Championship) - қазақстандық ММА-промоушен. Лига басшысы Нұрбек Қарабала, бүгінде 34 турнир өткізген. 

Әшімов NFC-де жекпе-жек өткізетінін Bizben Podcast жобасында айтқан болатын. Файтер подкаста неге ұзақ уақыт жекпе-жек өткізбегенін, хейтерлер, отбасы туралы әңгіме қозғаған болатын. Сонымен қатар, UFC-мен келісімшарт жасасқанын, сондай-ақ, тоқал алуға дайындалып жатқанын айтқан еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram