11 марта 2020 | 10:12

"Арман қашқақтады". Оспанов - Мирзаев жекпе-жегі туралы шетелдік БАҚ не жазды?

Арман Оспанов пен Расул Мирзаев. Фото: vk.com/acamma

Өткен аптада қазақстандық файтер Арман Оспанов Алматыда ресейлік Расул Мирзаевты бірінші раундта нокаутпен жеңген еді. Бұл кездесу туралы отандық БАҚ-тан бөлек, шетелдік спорт басылымдары да жазды. Tengrinews.kz тілшісі Оспанов - Мирзаев туралы шетелдік БАҚ-тың не деп жазғанына шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өткен аптада қазақстандық файтер Арман Оспанов Алматыда ресейлік Расул Мирзаевты бірінші раундта нокаутпен жеңген еді. Бұл кездесу туралы отандық БАҚ-тан бөлек, шетелдік спорт басылымдары да жазды. Tengrinews.kz тілшісі Оспанов - Мирзаев туралы шетелдік БАҚ-тың не деп жазғанына шолу жасады.

"Оспанов тәуекелге бармай, қашқақтады"

Реклама
Реклама

Бокс пен ММА туралы жазатын Fightnews.info порталы "Арман Оспанов АСА 105 турнирінде РАсул Мирзаевты мерзімінен бұрын тоқтатты" деген тақырыппен ақпарат таратты.

АСА 105 турнирін қорытындылаған портал Мирзаевты жанжалмен аты шыққан деп таныстырса, Оспанов туралы екпінді соққыш деп атаған.


Арман Оспанов. Фото: ACA MMA

"Кездесу біз күткендей ерте аяқталды. Алғашқы секундтардан Мирзаев сегізбұрыш ортасында тұрып алып, Оспановқа қысым көрсетіп, соққылар сериясын жасады. Расул Арманды бұрышқа тақаған кезде қазақстандық төбелесуге тәуекелге бармай, жанға қарай қашқақтады.

Кездесудің шешуші сәті сол бірінші раундта болды, Оспанов Мирзаевтың аяғынан ұстап, қарсыласын канвасқа құлатты. Арқамен жатқан Расул апкиктермен қорғануға тырысқанымен, Арман соққыны соққыға жалғастырды, оның көбі қарсыластың жағына дәл тиіп, рефери кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды", - деп жазды порталы.

"Оспанов агрессив түрде шабуылдады"

Ал Allboxing.ru порталы Алматыдағы шоуды қорытындылап материал жазғанда басты жекпе-жек Шамиль Шахбулатов - Дэниэлем Жубилео кездесуі туралы аз-маз тоқталған.

Кейін Арман Оспанов пен Расул Мирзаев жекпе-жегі туралы толығырақ баяндаған.

"Кездесу жылдам аяқталғанымен, өте тартысты өтті. Алғашқы минуттарда Оспанов бірнеше дәл соққы жасап, жақсырақ көрінді. Көп ұзамай Мирзаевтың бір соққысы дәл тиген, сол сәтте Арман бірер сәтке отырып қалды. Оспанов орнынан тұрған соң, Мирзаев аңдамай алға ұмтыла түсті, сол сәтте өзі жойқын соққы жіберіп алды. Біраз уақыттан кейін Расултың аяқпен соққысы сәтсіз шығып, өзі құлады. Оспанов жоғарыдан соққылар жасап, агрессив түрде шабуылдады. Мирзаевқа бірнеше ауыр соққы тиді. Ол есін жоғалтпаса да, төреші жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады", - деп жазған портал.


Арман Оспанов. Фото: ACA MMA

"Дәл соққымен канвасқа түсірді"

Ал ресейлік Сhampionat.com порталы кездесу туралы келесі күні түстен кейін ақпарат берген.

"Эпизодтардың бірінде Оспанов алға ұмтылған қарсыласын қарымта шабуылда ұстап, дәл соққымен канвасқа түсірді. Расул аяқтарымен қорғануға тырысқан, бірақ басына жойқын соққы жіберіп алды. Осылайша, рефери араласып, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды", - деп жазған ресейлік басылым.

Портал кездесуден кейін Мирзаевтың жағы екі жерден сынғанын мәлім еткен. Сондай-ақ, сайт Мирзаевтың былтыр да ауыр нокаутпен жеңілгенін еске салды.

"Рефери қанды кездесуді тоқтатты"

Ал украиналық танымал Sport.ua порталы да осы кездесуде Мирзаевтың жағы екі жерден сынғанына мән берген. Басылым жекпе-жекті "қанды теңіз" деп сипаттаған.

"Жартылай жеңіл салмақтағы эпикке толы жекпе-жек 5 раундқа есептелген, бірақ Оспанов бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Арман партерде Мирзаевты сенімді ұрды, артынша, рефери араласып, қанды кездесуді тоқтатты. Расулдың жағы екі жерден сынған деген диагноз қойылды", - деп жазды украиналық сайт.  

Сондай-ақ, портал бұл Оспановтың ММА-дегі 10-жеңісі, Мирзаевтың үшінші жеңілісі екенін атап өткен.

"Оспанов енді UFC-де төбелесетін шығар"

Sport-express.ru порталы жекпе-жектер бөлімінің басшысы Илья Андреев Алматыдағы осы кездесу туралы көлемді блог жазған. Тақырыбы - "Мирзаев тағы да нокаутқа түсті. Қара жолбарыста - қара кезең".

Ол өзара кездесу алдында Оспановтың да, Мирзаевтың да жеңіліп қалғанын айтқан.


Арман Оспанов пен Расул Мирзаев. Фото: ACA MMA 

Сондай-ақ, кездесу барысы туралы толығырақ баяндаған. Артынша файтерлердің енді не істейтіндерін болжап көрген екен. Оспановтың UFC-ге ауысуы мүмкін екенін болжады.

"Біреулер "Қара жолбарыс" бұрынғыдай емес деп айтады. Бірақ ол Оспановпен жоғары дәрежеде төбелесті. Расулдың жақсы сәттері болды, ол көрерменге шоу  сыйлады. Бірақ бір соққы жекпе-жек нәтижесін анықтады. Оспанов мүмкіндігін пайдаланды, енді UFC-де төбелесетін шығар. Ал Мирзаевқа не болады деген сұрақ туындайды. 30 наурызда ол 34 жасқа толады, ал оның дивизионы үшін - бұл өте салмақта жас. Жалғастыра ма екен?", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ACA MMA (@aca_mma) 6 Мар 2020 в 10:05 PST

"Бүкіл канвас дірілдегендей болды"

Ресейлік тағы бір басылым Life.ru порталы "Қара Жолбарыс" пен "Арланның" кездесуін көрермендер көп күткенін жазған.

"Файтерлер фанаттардың үмітін толық ақтады. Олар жылдам болса да, өте әсерлі жекпе-жек өткізді", - деп жазды портал.


Арман Оспанов пен Расул Мирзаев жекпе-жегінен кейін. Фото: vk.com/acamma

Сонымен қатар, жекпе-жекке арналған материалда Мирзаевтың болашағы туралы да болжам болған.

"Қазақстандықтың соққыларынан бүкіл канвас дірілдегендей болды. Рефери соққыларды бірінші раундтың 2:29 уақытында тоқтатты. Тоқтатқаны дұрыс болған. Жекпе-жектен кейін Мирзаевтың жағы екі жерден сынғаны анықталды... "Қара Жолбарыстың" бұрынғы менеджері әрі досы, Fight Nights Global президенті Камил Гаджиевтің айтуынша, бұл Мирзаевтың карьерасының соңы. Бұған қарсы шығу қиын, себебі ол соңғы жарты жылда қатарынан екі рет ауыр нокаутқа түсті", - деп жазды БАҚ.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная