29 декабря 2020 10:44

"Батыр жаяу жүрмесін". Шавкат Рахмоновқа қазақ жігіттері автомобиль сыйлады

Қазақ жігіттері UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмоновқа автокөлік сыйлады. Желіде сол сәттің видеосы жаряланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ жігіттері UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмоновқа автокөлік сыйлады. Желіде сол сәттің видеосы жаряланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл қазақ жігіттерінің ниеті. Батыр жаяу жүрмесін дедік. Ол қазақ жігіттері үшін сын емес пе дедік. Сондықтан болар елдің жігіттері болып, қазақ жігіттері атынан Шавкат бауырымызға тұлпар", - деді видеода актер Әділ Ахметов. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, видеодан әнші Сәкен Майғазиевті көруге болады. Қазақтың бір топ жігіті Рахмоновқа Toyota Camry 70 көлігін сыйлаған. Компанияның Қазақстандағы дүкендерінде бұл көліктің бағасы 10 870 000-нан басталады.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Еске салайық, қазанда Шавкат Рахмонов UFC-де дебютін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны қылғындыру әдісімен жеңген болатын. Қазақстандық файтер ММА-де 13 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram