25 января 2022 | 15:16

Бейжің Олимпиадасына қанша қаражат бөлінді? ҰОК бас хатшысы жауап берді

Фото Olympic.kz сайтынан

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Бейжің Олимпиадасына қанша қаражат бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Бейжің Олимпиадасына қанша қаражат бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ОКҚ брифингінде журналистер Крюковтен Бейжің Олимпиадасына қанша қаражат бөлінгенін сұраған. 

"Бейжің Олимпиадасына 250 миллион теңгедей бөлу жоспарланған. Бірақ бұдан аз сома шықты. Нақтырақ айтсам, 228 миллион теңге бөлінді. Сома азайып жатыр, себебі ұйымдастырушылар делегация санын азайтып жатыр", - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков. 

Реклама
Реклама

Артынша мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев бұл қаражат спортшылардың соңғы кезеңдегі дайындығына жұмсалғанын нақтылады. 

Еске салайық, Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram