Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 августа 2019 18:34

"Борат бірінші пайда болды". Спортшыларымызды қарсыластары не деп әжуалайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын мазақ қылған канадалық қарсыласы Стюард Маклелланның суреті Желіде қызу талқыланып жатыр. Спорт әлемінде қарсыласты түрлі амалмен әжуалап, отқа май құя түсу қалыпқа айналған. Тengrinews.kz тілшісі қазақстандық спортшылардың қарсыластары жасаған әжуалардың дені не жайлы екенін түсінуге тырысты.


Бүгін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын мазақ қылған канадалық қарсыласы Стюард Маклелланның суреті Желіде қызу талқыланып жатыр. Спорт әлемінде қарсыласты түрлі амалмен әжуалап, отқа май құя түсу қалыпқа айналған. Тengrinews.kz тілшісі қазақстандық спортшылардың қарсыластары жасаған әжуалардың дені не жайлы екенін түсінуге тырысты.

Стюард Макклелан

Канадалық боксшы Әлімханұлын Борат секілді бейнелеп, оны Instаgram желісіндегі парақшасына жариялаған. Қазақстандықтың өзі бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Боксшылар 17 тамызда Лос-Анджелестегі Banc of California Stadium аренасында жұдырықтасады. Стюард Макклелан бұған дейін де Әлімханұлына тіл тигізген болатын.

"Келесі сенбіде үлкен сахнадағы жекпе-жегім өтеді. Қарсыласым әуесқой бокста 300 жекпе-жек өткізіп, Олимпиадаға қатысқан. Бірақ одан қорықпаймын. Оны "айырып" тастаймын, кез келгенін сөйтемін", - деді Стюард жаттығуларының бірінен кейін.

Гари О’Салливан

Қазақстандық боксшыларды әжуа ету мәселесіне келгенде бәрі Боратты пайдалануға құмар. Бәрінен асып түскені ирландиялық Гари О'Салливан болды. Ол Желіге Бораттың костюмін киген суретін жүктеп, Головкинді жекпе-жекке шақырған.

"Сәлем, Геннадий. Сенімен жекпе-жек өткізгім келеді. Мен мексикалық сары қорқақ емеспін. Сенімен жұдырықтасып, "айырып тастаймын", - деп айтқан болатын.

Мұндағы "мексикалық сары қорқағы" - Сауль Альварес. Ирландиялық боксшы одан кейін де бірнеше рет Головкинді жекпе-жекке шақырған.

Көп ұзамай Гари О'Салливан Желіге тағы бір сурет жариялады. Бұл жолы өзі ғана емес, бүкіл командасымен Бораттың кейпінде суретке түскен.

"Егер күлу қолыңыздан келмесе, оның не пайдасы бар? Ал мен Головкинмен жұдырықтасу мүмкіндігімді пайдаланғым келеді", - деп жазды боксшы Twitter-парақшасында.

Бірақ ирландиялық боксшы Головкинді қанша рет мазақ қылса да, GGG бүгінге дейін оған аса мән бере қоймады.

Давид Лемье

Жоғарыда біз айтқан Стюард Макклелан қазақстандықтардың намысына тиген алғашқы канадалық боксшы емес. Бұған дейін канадалық Давид Лемье Головкинмен жекпе-жек алдында желідегі парақшасына Бораттың суретін жариялаған.

Сондай-ақ оған мынадай жазба қалдырған еді: "Осы жігіт (Борат) пайда болмас бұрын Қазақстан туралы білгенмін деп өтірік айтпай-ақ қояйық. Головкин кейін пайда болды (жай ғана қалжың, ренжудің қажеті жоқ)".

Бірақ кейін Лемье бұл жазбасын парақшасынан өшіріп тастады. Осындай мәлімдеме жасап, Головкиннің қытығына тиюі Лемьеге пайда әкелмеді. Көп ұзамай боксшылар рингте кездесіп, Головкин техникалық нокаутпен жеңген.

Лукас Подольски

Дәл Давид Лемьенің алдында үш күн бұрын футболшы Лукас Подольски де Боратты еске алған еді. Түркиялық "Галатасарай" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Астанамен" бір квартетке түскен.

Германиялық шабуылшы жеребе нәтижесі жөнінде өз әсерін Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. Ол Бораттың суретін салып, "Тағатсыздана күтемін" деген жазба қалдырған.

Подольски қазақстандықтардың шамына тиіп кеткенін түсінсе керек, кейін сол жазбасы үшін кешірім сұрады.

"Борат туралы твитім үшін баршаңыздан кешірім сұраймын, бұл жәй ғана қалжың болатын. Қазақстан мен қазақстандықтарды ренжіткім келмеді", - деп жазды Подольски.

"Менің құдай екенімді білмедің бе?". Трэш-ток королі Мұхаммед Әли

"Спортинг" ФК

Былтыр қарсыластың Борат туралы тағы бір жазбасы дау болды. Бұл жолы Борат туралы жазба бір адам емес, бүкіл клубтың атынан жазылған. Португалиялық "Спортинг" Еуропа лигасының 1/16 финалында "Астанамен" кездескен. Алғашқы матч 3:1 есебімен португалиялықтардың пайдасына аяқталған.

Ойыннан кейін клубтың Twitter желісіндегі ресми парақшасында gif түрінде Бораттың қуанып тұрған бейнесін жариялаған. Жанында "Зор табыс!" деген жазба бар.

Бұл жазбаға "Астананың" ойыншылары мен  бас бапкері наразылығын білдірген. Сондықтан, "Спортинг" бұл жазбасын кейін өшіріп тастады.

"Канело" мен оның командасы

Головкиннің карьерасындағы басты қарсыласы Сауль Альварес соңғы жылдардың ішінде GGG-ге қатысты түрлі мәлімдемелер жасаған. Оның ең дөрекісі былтыр жарияланған.

"Канело" былтыр допинг дауына іліккен кезде Головкин оны қатты сынға алған. Альварес пен оның промоутері Оскар де ла Хойяны өтірікшілер деп айыптаған. Головкиннің бұл мәлімдемесін "Канело" да, Де ла Хойя да жауапсыз қалдырмады.

Альварес Instagram желісіндегі stories функциясы арқылы жаттығуының видеосын жариялап, Головкинге арнаған мәлімдемесін қосқан. Мұнда ол былапыт сөздер арқылы GGG-ді жеңетінін жазған. Кейін бұл жазбаны оның промоутерлік компаниясының парақшасы да жариялады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

???? @canelo to @gggboxing via #InstaStory. May 5..it’s going down!!! #CaneloGGG2

Публикация от Golden Boy (@goldenboy)

Ал Оскар Де Ла Хойя Twitter желісіндегі парақшасында Геннадий Головкин мен Дональд Трамптың суретін жариялап, "Екі ақымақ" деген жазба қалдырған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети