24 июля 2021 22:10

"Жүрегіміз тарсылдады". Журналистер Елдос Сметовтің отбасымен сұхбаттасты

Instagram желісіндегі aibat__kz парақшасынан

Журналистер бүгін Токио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған Елдос Сметовтің отбасымен сұхбаттасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналистер бүгін Токио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған Елдос Сметовтің отбасымен сұхбаттасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Роликті Instagram желісіндегі Aibat ақпарат қызметі жариялады. Онда жоба тілшілері Сметовтің Тараздағы үйіне барып, отбасы мүшелерін видеоға түсірген. Кадрлардан Сметовтің отбасы көк ту ұстап, қуанып жатқан сәтін байқауға болады. 

"Қуанғаннан қысымым көтеріліп кетті. Ас та батпайды, көңіл тоқ. Жүрегіміз тарсылдады. Жеңісті естігенде қуанып жатырмыз", - деді Елдостың әкесі Бақтыбай аға. 

Реклама
Реклама

Ол ұлының жарысын тікелей эфирде көре алмағанын айтты. Бірақ Елдос Сметовтің "қоласы" оған алтын медальмен тең екенін мәлім етті. 

Еске салайық, бүгін Елдос Сметов Токио Олимпиадасында Қазақстанға алғашқы жүлдені сыйлаған болатын. Ол 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленген еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram