Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 февраля 2019 15:54

Қазандық па, шеңбер ме - қырғыздар неге шүйлікті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Биыл ақпанда халықаралық көкпар ойындарына енгізілген жаңа ережелер дау туғызды. Астанада өткен Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесі қабылдаған жаңа ережелер бәріне бірдей ұнай қоймайды. Атап айтқанда, қырғыздардың көкпар федерациясы жаңа ережелерге қарсы болып, оған қазақстандық тарапты айыптаған еді. Tengrinews.kz тілшісі мәселенің мән-жайына үңілді.


Биыл ақпанда халықаралық көкпар ойындарына енгізілген жаңа ережелер дау туғызды. Астанада өткен Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесі қабылдаған жаңа ережелер бәріне бірдей ұнай қоймайды. Атап айтқанда, қырғыздардың көкпар федерациясы жаңа ережелерге қарсы болып, оған қазақстандық тарапты айыптаған еді. Tengrinews.kz тілшісі мәселенің мән-жайына үңілді.

Жаңа ереже қауіпсіздік үшін бекітілді

Биыл ақпанда Астанада көкпар ойнайтын елдердің өкілдері бас қосып, халықаралық стандарттарға сай ереже бекіткен. Таяуда ғана көкпар федерациясының президенті болған Мұхтархан Ділдәбеков ойын ережесінің не себепті өзгертілгенін түсіндірді.

    

Қазақстан көкпар федерациясының президенті

Мұхтархан Ділдәбеков

"Бұған дейін бір өңірде қазандықпен, тағы бір аймақта қазандықсыз шауып жүрген еді. Сондықтан, бәріне ортақ нақты ереже қажет болды. Көрермендер де бейнероликтерден көріп жүрген шығар - қазандықпен ойнағанда көкпаршылар түрлі ауыр жарақаттар алады. Соны ескеріп, алдағы жарыстарда тек шеңберді қолдануды жөн деп шештік. Соңғы әлем чемпионаты қазандықсыз ұйымдастырылған. Ойындар керемет өтті. Біздің көкпаршыларымыз финалға шығып, қырғыздарды жеңді", - дейді Қазақстан көкпар федерациясының президенті Мұхтархан Ділдәбеков.

Көкпаршылар не дейді?

Көкпардан Қазақстан құрамасының ойыншысы Есжан Құрманбайдың пікірінше, жаңа ереже ойыншылардың денсаулығын қауіпсіз қыла түсті.

   

Есжан Құрманбай

Қазақстан құрамасының ойыншысы 

"Бұрын небір мықты аттарымыз қазандықтың кесірінен жарақат алып, ойынды ерте аяқтайтын. Өзім де талай рет жарақаттандым. Жалпы, қазандыққа шапқан кез келген көкпаршыда ондай жарақаттар болды. Ойында біреудің қолы, иығы сынып, аяғы қайырылған сәттерді өз көзіммен көрдім. Көкпаршыларды алаңнан ес-түссіз алып кеткен сәттер де болды", - дейді ол.

Қазақстанның шеңбермен ойнап жүргеніне 2 жыл болған. Бұрын қазандық бар кезде америкалық, еуропалық құрамалар көкпарға мән бермесе, қазір бұл спорт түріне қызыға бастаған. Былтыр олар алғаш рет шеңбер арқылы өткен әлем чемпионатына қатысты. Есжанның айтуынша, көкпарды әлемдік аренаға шығару үшін, қазандықтың орнында шеңберді қолдану қажет.

Қырғызша ультиматум

Бірақ шеңбер идеясы қырғыз көкпаршыларына мүлде ұнаған жоқ. Олар, тіпті, шеңбер пайдаланылса, биылғы әлем чемпионатына қатысудан да бас тартып отыр.

"Меніңше, қырғыздардың қазандықпен ойнау бойынша өз тактикалары бар сияқты. Мүмкін, аттары қазандыққа шауып үйренген болар. Неге қарсы шыққанын түсінбедім. Ережені өз ыңғайымызға қарай өзгертіп алғанымызды айтып, бізді айыптап жатқанын оқыдым. Мықты болса, шеңбермен де ойнай бермей ме?", - дейді Құрманбай.


Бірінші суретте шеңбер, ал екінші суретте қазандық

Оның айтуынша, қазақстандық көкпаршылар қырғыз қарсыластарын қазандықпен де, шеңбермен де ұта алады. Мысалы, 2013 жылы Азия чемпионатында көкпаршылар қазандықпен ойнаған. Сол жарыстың финалында Қазақстан құрамасы қырғыздарды 4:2 есебімен жеңіп, құрлық чемпионы атанған болатын.

Ереже бекітуге қырғыз тарапы қатыспаған

Бір қызығы, жаңа ережелер қабылданған жиынға қырғыз федерациясының өкілдері келмеген.

"Қырғызстан көкпар федерациясының президенті Жырғалбек Саматовқа хабарластым. Астанада ережелерді талқылау үшін кеңес өткізетінімізді айттым. Олар "келеміз" деді де, келмей қойды. Орындарына қырғыз федерациясына жатпайтын басқа бір ұйымның делегаттары келген", - дейді Мұхтархан Ділдәбеков.

Көкпаршы Құрманбайдың айтуынша, бұл спорттың көркі қазандыққа байланысты емес. "Көкпар қазандықсыз өз көркінен айырылмайды. Аттың ойнауы, жекпе-жектер сол қалпында. Аттың үстіндегі тартыс та сақтаулы қалады. Сол кезде аттан құламайтыныңа кім кепіл? Сондықтан, қазандық болмаса, алаңдағы тартыс та жоғалады деген қате пікір", - дейді ол.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында көкпарға арналған жабық арена салынбақ. Сол арқылы федерация көкпардың қыста тоқтап қалу мәселесін шешпек.

Автор: Есет Төлеш

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети