Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 сентября 2019 13:15

"Мұндайларды UFC-де жақсы көреді". Пошымы келіскен қазақ файтерлері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Спортшылардың физикалық күш-қуаты, бұлшық еттері басқалардың да спортпен айналысуына түрткі болуы мүмкін. Кейде ММА файтерлері де үздіксіз жаттығулардан кейін бодибилдерге ұқсап жатады. Қызық төбелес іздеген UFC аудиториясы да пошымы келіскен файтерлердің айқасын көріп, ақша төлеуге әзір. Қазақстандық файтерлерден де өз дене пішімімен мақтана алатын спортшылар жетерлік. Тengrinews.kz тілшісі ірі денелі, бұлшықет ойнап тұрған қазақ файтерлеріне шолу жасады.


Спортшылардың физикалық күш-қуаты, бұлшық еттері басқалардың да спортпен айналысуына түрткі болуы мүмкін. Кейде ММА файтерлері де үздіксіз жаттығулардан кейін бодибилдерге ұқсап жатады. Қызық төбелес іздеген UFC аудиториясы да пошымы келіскен файтерлердің айқасын көріп, ақша төлеуге әзір. Қазақстандық файтерлерден де өз дене пішімімен мақтана алатын спортшылар жетерлік. Тengrinews.kz тілшісі ірі денелі, бұлшықет ойнап тұрған қазақ файтерлеріне шолу жасады.

Арман Оспанов


© sportx.kz

Өткен аптада жеңілісімен қызу талқыға түскен Арман Оспановтың ММА-де жүргеніне жеті жыл болды. Бүгінге дейін октагонға 12 рет шығып, оның тоғызында жеңіске жеткен. Үш кездесуде жеңіліп қалды. Соңғы рет 27 қыркүйекте ACA 99 турнирінде басты бәсекелестерінің бірі Алексей Полпудниковтен нокаутпен жеңілген болатын.

Файтер жартылай жеңіл салмақта (66 келі) өнер көрсетеді. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жаттығуларының видеосын жариялап тұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arman"Sunkar"Ospanov???????????????????????? (@armanospan89)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arman"Sunkar"Ospanov???????????????????????? (@armanospan89)

Шавкат Рахмонов


© instagram.com/shavkatrakhmonov94

Шавкат Рахмонов тарихқа UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық ретінде енді. Қазір ол ММА-дегі ең атақты ұйымда дебютін өткізуге дайындалып жатыр.

Жалпы, бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Соңғы рет 28 маусымда бразилиялық Тиаго Варежао Ласередоны техникалық нокаутпен жеңген.

Рахмонов жартылай орта салмақта (77 келі) сынға түседі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shavkat Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shavkat Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94)

Ержан Естанов

Ержан Естанов та - өзін жақсы формада ұстайтын файтер. Тәжірибелі спортшы октагонда 2011 жылдан бері төбелесіп жүр. Бүгінге дейін 21 жекпе-жегінің 15-ін жеңіп, алтауында жеңілген. Соңғы рет 4 мамырда филиппиндік Роландо Даймен UAE Warriors промоушенінің титулын сарапқа салып, жеңіліп қалған болатын. 

Файтер жартылай жеңіл салмақта (66 келі) өнер көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Кундериниз жаксы отсин!!!????????????????‍♀️????‍♀️

Публикация от Erzhan Estanov (@estanoverzhan)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Неважно как ты двигаешься, главное ты не останавливаешься!!!???????????? @muratbakhytovich

Публикация от Erzhan Estanov (@estanoverzhan)

Жалғас Жұмағұлов


© Fight Nights

Жалғас Жұмағұловтың ММА-де жүргеніне бес жыл болды. Бірақ бір жылдан бері жекпе-жек өткізбеген. Бүгінге дейін 15 рет октагонға шығып, оның 12-сін жеңіспен аяқтаған. Үш кездесуде жеңілген. 

Соңғы рет былтыр 31 тамызда ресейлік Тагир Уланбековпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңген еді. Төрешілер шешімімен келіспегендер көп болғанымен, Жалғас Fight Nights Global чемпионы титулын иеленген. 

Жұмағұлов аса жеңіл салмақта (57 келі) өнер көрсетеді. 

Игорь Свирид


© onefc.com

33 жастағы Игорь Свиридтің октагонда жүргеніне сегіз жыл болған. 19 жекпе-жектің 12-сінде жеңіске жеткен. Қалған жетеуінде қарсыласына жол берген.

Файтер соңғы рет Краснодарда өткен ACA 94 турнирінде кездесу өткізген еді. Ресейлік Валерий Мясниковке қарсы жекпе-жекте ол жеңіліп қалған болатын. 

Игорь Свирид өз кездесулерін орта салмақта (84 келі) өткізеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Свирид (@igor.svirid)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Свирид (@igor.svirid)

Евгений Егембердиев

 

Евгений Егембердиев те денелі файтерлердің қатарынан. Спортшы кәсіби ММА-да жүрген алты жылында он рет октагонға шыққан. Оның сегізінде жеңіске жетті. Екеуінде жеңіліс тапты. 

Бір ай бұрын, 31 тамызда Краснодарда өткен АСА 97 турнирінде ресейлік Алексей Буторинмен күш сынасқан. Отандасымыз бұл кездесуде техникалық нокаутпен жеңілген болатын. 

Денелі спортшы жартылай ауыр салмақ аясында жұдырықтасып жүр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kazakhstan ???????? (@evgenii_egemberdiev)

Қайрат Ахметов


© instagram.com/kairat__akhmetov

31 жастағы Қайрат Ахметовтің ММА-дегі тәжірибесі мол. 2010 жылдан бері кездесу өткізіп жүрген ол жекпе-жектерінің көбін жеңіспен аяқтаған. Дәлірек айтқанда 21 кездесудің 19-ында жеңген. Тек екеуінде қарсыласына есе жіберген. 

Ахметов соңғы рет 31 мамырда Токиода өткен One Championship A New Era турниріне қатысып, аустралиялық Рис Макларенмен күш сынасқан. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен жеңген еді.

Файтер аса жеңіл салмақта (57 келі) өнер көрсетеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kairat ????aza???? Akhmetov (@kairat__akhmetov)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kairat ????aza???? Akhmetov (@kairat__akhmetov)

Асу Алмабаев


© instagram.com/p/BvmcLC_l3jd

Асу Алмабаев октагонда бір рет қана жеңілген. Қалған тоғыз кездесуінде отандасымыз жеңіске жетті. Бұл ММА-де өткізген алты жылындағы көрсеткіш. 

Соңғы рет Асу 30 наурызда Алматыда өткен кешке жекпе-жек өткізді. Сол кезде француз Пьер Людені сабмишн әдісімен жеңген болатын. 

Файтер өз кездесулерін аса жеңіл салмақта өткізеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASU."ZULFIQAR".ALMABAYEV (@asu_zulfikar57)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASU."ZULFIQAR".ALMABAYEV (@asu_zulfikar57)

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети