Назарбаев Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты

Фото: akorda.kz

Елбасы даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Ж.Үшкемпіровтің өмірдегі әрбір қадамы мен  атқарған істері өзінің есіміне сай,  жан-жағына тек жақсылық пен ізгіліктің шуағын шашып жүретін, халқымыздың шынайы мақтанышына айналған ұлы перзенттерінің бірі болғанын атап өтті.

"Ол грек-рим күресі бойынша қазаққа алғашқы болып  әлемнің ең басты атағын сыйлады. Кәсіпкерлікпен де табысты айналысып, ел экономикасының өркендеуіне лайықты үлесін қоса білді. Қайырымдылық іс-шараларға белсене атсалысып, кәсіпкерлік тәжірибесін  өзгелермен бөлісіп, жақсы үлгі мен өнеге көрсетті.

Реклама
Реклама

Мен онымен өткізген кездесулерімді әркез ризашылықпен еске аламын. Отандастарымыз да оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Tengrinews
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news15
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама