01 августа 2019 | 12:56

"ОПГ құрамында болған шығармын, бірақ опасыздық жасамадым" - Ермахан Ибраимов

Ермахан Ибраимов. © ҚБФ сайты

Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Ибраимов TalkLike бағдарламасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Ибраимов TalkLike бағдарламасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Боксшы сұхбатында 90-жылдардағы бандитизм мен өзіне жасалған қарақшылық шабуылды еске алды. 

Реклама
Реклама

"(...) Мен бандит болғаным жоқ. Ешкімге дөрекі мінез көрсеткенім жоқ, себепсізден-себепсіз ұрып-жығып, қатыгездікке барғаным жоқ. ОПГ құрамында болуым мүмкін, бірақ мен опасыздыққа барғаным жоқ. Қасымда жүрген жігіттерге "Әділ болыңыздар, әділ шешімді қолдаңыздар, әділ болсаңыздар, ерте ме, кеш пе әділдік алдарыңыздан шығады" деп айтатынмын. Осы ұстаныммен жүрдім. (...)", - дейді боксшы.

Ибраимовтың айтуынша, ол сол кездің "разборкаларына" барып, келгендердің әңгімелерін тыңдап отырған. Көбіне спортшылар ғана келетін дейді. 

"Сол кезде біз жақтан артық әңгімелер қозғалып жатса, мен өзім сол әңгімені тоқтатамын. "Біздікі дұрыс емес, олардың айтып отырғаны дұрыс" деймін. Ал егер қарсыласымыздың айтып отырғаны дұрыс болмаса, әңгіме басқаша болады. Бірақ біз бір-біріміздің күшімізді білеміз. Біз сөзге тоқтаған қазақпыз", - дейді Ибраимов.

Сондай-ақ, ол 2002 жылы өзіне жасалған қарақшылық шабуылдың мән-жайын айтты. Айтуынша, боксшыны төбелеске шабуылдағандардың өзі итермелеген және олар таныстары болған екен. 10 адам жабылды дейді.

"Ол кезде мен бас жаттықтырушы болып жүріп, осындай жағдайға душар болдым. Кінә өзімнен де болды. Өзімнің бұрынғыдай күшті екенімді дәлелдегім келгендей болды", - деп еске алады Олимпиада чемпионы.

Ермахан Ибраимов сұхбатында жалақысы 390 мың теңге екенін айтты. Алайда қосымша да табыстары барын жеткізді. Ибраимов тойларға шығып, қосымша табыс табады екен. 

"Тойда ешқандай қызмет көрсетпеймін. Тойға қонақ болып барамын. Ақша берсе, аламын. Негізі тойға шақырған адамдар "Менің тойыма Ермахан Ибраимов келді", "Олимпиада чемпионы келіп, тост айтып, балама бата беріп кетті" деп айтады. Қазақтың сүндет той, тұсаукесер, соларға неге қазақтың батыры Ермахан Ибраимов барып, бата бермеске, жолын ашпасқа? Бата бағаланады. Астыма бір ат мінгізіп, үстіме шапан жабады", - дейді Олимпиада чемпионы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ермахан Ибраимов "Олимпиадалық дайындық орталығы" РМК директоры қызметін атқарады. Ермахан Сағиұлы Ибраимов 1972 жылы Жамбыл облысының Тельман атындағы ауылда дүниеге келген. Халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, ҚР бокстан Еңбек сіңірген спорт шебері. I дәрежелі "Барыс", "Дарын" медальдарымен марапатталған.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная