29 июля 2021 | 17:31

Сәпиев Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін спортшылардың сыйақысын қысқарту жайлы ойын айтты

Фото: olympic.kz

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін спортшылар мен жаттықтырушылардың сыйақысын қысқарту жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін спортшылар мен жаттықтырушылардың сыйақысын қысқарту жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сәпиев жаттықтырушылар мен спортшылардың сыйақысын қысқарту туралы ұсыныспен келіспейтінін мәлімдеді. 

"Спортшыларға нақтыланып қойған сыйақыны қысқарту туралы оймен келіспеймін. Олимпиада әлі біткен жоқ және біз құрдымға кетіп, нашар өнер көрсетіп жатыр деп айтуға ерте. Иә, кейбір көшбасшыларымыз жеңіліп қалды. Бірақ жақсы өнер көрсете алатын басқа да спортшылар бар. Олимпиада көптеген жанкүйер үшін жай ғана бір сәт, бір-екі апта ғана. Ал біз, спортшылар үшін көпжылдық, күн сайын бірнеше сағаттық еңбек. Спортшы формасында қалуы керек. Сен құрама жарыстарға барып тоғыз айдай жақындарың мен отбасыңды көрмей кететін кездер болады. Үйде үш ай ғана болуы мүмкін, оның өзінде спортшы режимді сақтап, уақытында ұйықтап, тұруы керек. Ол өте қиын. Сондықтан спортшыларға қандай да бір сыйақы, өтемақыларды қысқарту дұрыс емес деп ойлаймын", - деді спортшы ОКҚ брифингінде. 

Реклама
Реклама

Серік Сәпиев Олимпиада нәтижесі бойынша жаттықтырушыларға да берілетін сыйақы қысқартылмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, қазір Олимпиаданың жарыс жолында төрт боксшымыз қалды. 1/8 финалда қатарынан бес боксшымыз жеңіліп қалған - Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов пен Надежда Рябец қарсыласына есе жіберген.

Ал бүгін Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын нокдаунға түсіріп, ширек финалға шыққан еді. Кейін құрамы капитаны Қамшыбек Қоңқабаев та алғашқы қарсыласын сенімді жеңген болатын. 

Енді турнирдің 1/8 финалы аясында Зәкір Сафиуллин мен Сәкен Бибосынов жекпе-жек өткізеді. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная