30 июля 2021 | 16:57

Зүлфия Чиншанлоға Олимпиадада психологиялық кедергі жасалған

Фото ©REUTERS

Ауыр атлетикадан ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы Токио Олимпиадасында төрешілердің қазақстандық спортшылардың мүмкіндігін төрешілер есепке алмауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауыр атлетикадан ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы Токио Олимпиадасында төрешілердің қазақстандық спортшылардың мүмкіндігін төрешілер есепке алмауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Меңдіхан Тәпсірұлының сөзінше, кейінгі кездері ауыр атлетикадағы төрелікке талап қатты болып кеткен. 

"Сол себепті де болуы мүмкін (төрешілердің есептемеуі - еск.). Екінші жағынан төрешілердің асыра сілтеуі байқалды. Спортшылардың сәл ғана теріс қозғалысын үлкенге айналдырып, спортшыларға мүмкіндігін толық көрсетуге кедергі жасады деп айтуға болады. Ол, әсіресе Зүлфия Чиншанлоның жарыс жолында байқалды. Серпе көтеру, жұлқи көтеру болсын бірінші мүмкіндіктерінде олардың алған-алмағын бірден есепке алмай, спортшылардың мүмкіндігін толық көрсетуге психологиялық тұрғыда кедергі жасағаны бар", - деді ол ОКҚ брифингінде. 

Реклама
Реклама

Меңдіхан Тәпсірұлының айтуынша, апелляцияны жарыс кезінде беру керек. 

"Бір рет шағымдануға рұқсат. Бас бапкеріміз Бақыт Ахметов видео қайталауды қараған. Сонда да төрешінің шешімі өзгермеді. Өкінішке қарай, біздің оған құзіретіміз жүрмейді. Қанағаттанбасақ та ештеңе өзгермейді", - деді ол. 

Еске салайық, Токиодағы Олимпиада ойындарында Игорь Сон 61 келіге дейінгі санатта қола жүлде жеңіп алса, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі санатта үшінші орын иеленген болатын. Спортшылар Қазақстанға оралып, оларды жанкүйерлері Алматы қаласының әуежайында қарсы алды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная