Massaget.kz Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қабылдады

05 Тамыз, 17:13
0
Massaget.kz Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қабылдады -

Ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай әлеуметтік желіде бастау алған эстафетаны Massaget.kz редакциясы жалғастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Massaget.kz Абай өлеңдерін оқу эстафетасын әріптестері "Жетісу" радиосының ұжымынан қабыл алып, ақынның "Білімдіден шыққан сөз" өлеңін Алматы қаласындағы Абай Құнанбаевтың аты берілген орындарда жатқа оқыды.

"Ақын мұрасын сақтау мақсатында эстафетаны әрі қарай Tengrinews.kz, Vesti.kz сайттарына, "7" арна ұжымына және Қазақстандағы Абай Құнанбаев есімді азаматтарға жолдаймыз", - дейді редакция ұжымы.

Порталдың бас редакторы Өмірбек Сансызбай өзге қалалардағы ұжымдар да өз қалаларындағы Абайды бұдан асыра таныстырса, нұр үстіне нұр болар еді дейді. Айтуынша, редакция "Алматыдағы Абайды" таныстыруға тырысқан, енді өзге қалалар да осылай жасаса деген идея да бар.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойған болатын. Оның алдында Президент 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітуді тапсырған еді.

"Біз тарихтан үлгі алатын және ұлы ата-бабаларымызға құрмет көрсететін халықпыз. Абайдың отаны әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді қарсы алуға лайықты ірі орталыққа айналуы тиіс. Бұл біздің ата-бабаларымыз алдындағы борышымыз және өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі", - деген еді Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына барған кезде. Осыдан кейін Желіде Абай өлеңдерін оқу эстафетасы қыза түсті.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц