15 июля 2019 | 10:27

"Кітапты бір күнде оқуға болады". Book-блогерден кеңестер

Кітап - білім қазынасы. Алайда, күнделікті өмірде күйбең тіршілікте кітапты қолымызға алу мүмкін еместей көрінеді. Бұл қаншалықты дұрыс? Кітапты қалай оқу керек? Осы секілді сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісі book-блогер, журналист Марфуға Шапияннан жауап алып көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кітап - білім қазынасы. Алайда, күнделікті өмірде күйбең тіршілікте кітапты қолымызға алу мүмкін еместей көрінеді. Бұл қаншалықты дұрыс? Кітапты қалай оқу керек? Осы секілді сұрақтарға Tengrinews.kz тілшісі book-блогер, журналист Марфуға Шапияннан жауап алып көрді.

Марфуғаның кітап оқу ісін ұнататыны соншалық, осыған дейін оқыған кітаптарының санын шамамен болсын айта алмайды. Себебі кітапқа деген маxаббаты әріп тани бастаған кезінен басталған. Сол уақыттан бастап журналдарды, үй кітапxанасындағы кітаптарды оқи бастаған.

Реклама
Реклама

"Есімде, "Мың бір түннің" 3 томын 3-сынып оқып жүрген кезімде бітіргенмін. Өйткені оның ішіндегі дүниелердің бәрі маған ертегі сияқты көрінетін. Түнгі 3-ке дейін кітап оқитын кездеріміз болатын. Солай кітапқа деген маxаббатым ашылды деп айтсам болады", - дейді Марфуға.

Кітапты дұрыс таңдай білесіз бе?

Марфуға кітапты өзіңіздің өмірлік қызығушылығыңызға байланысты таңдауға кеңес береді. Көбіне өзіңізге пайда беретін, жалпы сізді қызықтыратын кітаптарды оқыңыз.

Мүмкіндігінше қазақ авторларын, жас буынның қазақша шығармаларын оқуға тырысыңыз. Себебі, отандық авторларға үлкен қолдау қажет. Одан кейін түрлі дағдыларды қалыптастыратын мотивациялық кітаптарды да оқыңыз. "Нобель сыйлығының сериясымен шыққан шығармаларды қарауға кеңес беремін. Соңғы оқыған шет елдік авторлардан Кадзио Сугуро мен Орxан Памуктың шығармаларын айта аламын", - дейді ол.

"Саммари" деген не?

Қазіргі таңда батыс елдерінде "саммари" үлгісі жақсы дамыған. Жалпы "саммари" деген кітаптың қысқаша мазмұнын, былайша айтқанда кітаптың қаймағын сізге іліп беретін видео немесе түсініктеме.

"Біз қазіргі таңда осы үлгіні елімізде дамытуды қолға алып, осыған байланысты жобалар жасап жатырмыз", - дейді блогер.


© pixabay.com

Кітапты дұрыс оқыңыз

Көп адамның кітап оқуға уақыты немесе мүмкіндігі болмай жатады. Ондай кездерде қағаз түрінде сатып алған кітабыңыздың электрондық нұсқасын жазып алыңыз. Сол кезде кітап оқуыңыз үзілмейді.

Кітап оқыған кезде өзіңізге ұнаған тұстарын міндетті түрде белгілеп қойыңыз. Себебі сол нәрсе күнделікті өмірде зор пайдасын тигізуі мүмкін.

1 жыл - 100 кітап

Марфуға бір жылдары осындай үрдіс бастаған.

"Ондай жоспар қоюдағы мақсатым - адамдарды кітап оқуға ынталандырғым келді. Ол мақсатым орындалды деп ойлаймын. Алайда өзім үшін оны міндет қылып қоймадым. Мүмкін сол үшін де мақсатыма жете алмаған шығармын. Кейін бұл үрдісті қайта жалғастыруым мүмкін. Бірақ нақты емес. Себебі кітапқа байланысты менің басқа да жобаларым бар. 100 кітап деп сан қумаймын, сапа жағына мән беремін. Осы жоспар аясында оқыған кітаптарымның жалпы саны 50-ге жуық болды", - дейді ол.

Book-блогердің айтуынша, адамда ниет, сонымен қатар уақыт болса 1 кітапты 1 күнде оқып бітіруге әбден болады. Себебі өзінің жеке басында мұндай сәттер жиі болған екен.

"Тіпті кітапты 2-3 сағатта оқып бітіруге болады. Ол адамның оқу тәсіліне байланысты", - дейді Марфуға.

"Қазіргі жас буын кітап оқымайды деген сөзбен келіспеймін"

"Мен бұл пікірмен келіспеймін. Себебі, жаңа айтып өткен саммари жасау жобасы аясында байқағаным, кітапқа қызығып, оны оқитын, сатып алушы жастар өте көп. Сонымен қатар қазір кітап сатушы дүкендер де көп. Соның өзінен-ақ кітапқа сұраныстың көп екенін байқауға болады. Керісінше, қазір жастар көп оқығысы келеді. Өздеріне мотивация іздейді дегендей. Аға буынның жас буынға көңілі толмауы әр кезде болған. Бұдан былай да бола береді. Керісінше, қазір жастар кітапты жақсы оқиды деп айтар едім", - дейді Марфуға.

Осылайша Марфуға Шапиян көпшіліктің кітап оқуда жиі жіберетін қателіктерін тізіп берді:

- Адам өзіне керек емес кітапқа көп уақытын өткізіп алуы мүмкін. Сондықтан уақытыңызды бос кітаптарға емес, нақты қажетті кітаптарға жұмсаңыз;
- Рецензияларға сүйеніп, бірден ауыр кітаптан бастайтын кездер болады. Ондай кездерде кітапты бастап алып, артынан сол кітапты, жалпы кітапты қолыңызға алғыңыз келмей қалатындай болады. Сол себепті кітап оқуды мүмкіндігінше жеңіл шығармалардан бастаған дұрыс.
- Кітап оқуды үлкен жұмыс көріп, оны қиындатудың қажеті жоқ. Керісінше оны дағдыға айналдыру керек.

© pixabay.com
Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр.
Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірге "Талантты балалар", "Жеңімпаздар", "Батырлар арамызда" жобалары қолға алынған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная