14 сентября 2018 22:37

Бекзат Саттархановтың анасы: Ұлымды боксшы болады деп ойламадым

Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл Шойбекова. Видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Жұлдыз туған аналар" тақырыбы талқыланды. Бағдарламаға қазақтың боксшы ұлы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл Шойбекова келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Жұлдыз туған аналар" тақырыбы талқыланды. Бағдарламаға қазақтың боксшы ұлы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл Шойбекова келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2000 жылы Сидней Олимпиадасында бокстан алтын жүлдені Қазақстан қоржынына салған Бекзат Саттархановтың анасы Бекзат пен оның ағасын дәрігерлердің бала көтеруіне тыйым салғанына қарамастан дүниеге алып келгенін айтады.

Реклама
Реклама

"Бекзаттың алдында үш ұлым бар. Екі баладан кейін маған дәрігерлер бала көтеруге болмайтынын айтты. Бірақ мен болмайды дегеніне қарамастан екі баланы ұрланып жүріп дүниеге алып келдім. Үшінші балаға жүкті болғанымда алты айлығында есепке тұрдым. Өзім де сол ауруханада жұмыс істейтінмін, дәрігерлер біліп қойса, алдырып тастайды. Адамның мақсатына қарай Алла өзі қуат береді. Ұрланып жүргеніме қарамастан, жеңіл босандым десем де болады", - дейді Сырлыгүл Шойбекова.

Сырлыгүл ханым Бекзаттың балалық шағындағы қызықты оқиғаларын бөлісті.

"Бекзат бала кезінен бұзық болған емес. Ол қыз сияқты бала болып өсті. Ешуақытта сөз қайтарған емес. Үш жасында балабақшаға баратын кезде ауланың сыртындағы гүлдерді жұлып бер деп жылайтын. Балабақшаға осылайша гүлсіз бармайтын. Шынымды айтайын, мен одан боксшы шығады деп ойлаған емеспін", - дейді Сырлыгүл әже.

Сонымен қатар, Бекзат Саттархановтың өзі есімін қойған қарындастары Ақниет пен Әсемгүл бағдарламаның қонағы болды. 

Олимпиада чемпионының анасы Бекзаттың боксқа қалай келгені жайлы айтып берді. 

"Бекзат 15 жасында өзінен үлкен Мақсат ағасына еліктеп, ауылда ашылған бокс секциясына барды. Екі ай қатысып, Кубок-1995 жарысында жеңімпаз атанды. Екі айда ол чемпион атанды. Ал бес жылдан соң Олипиада чемпионы атанды. Онымен бірге қатысқан біраз бала спортты тастап кетті. Біз Бекзатқа "боксты қой" деп айта алмадық", - дейді чемпионның анасы. 

Бағдарламаның тағы бір қонағы - Олимпиада-2012 чемпионы, бүгінде кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтың анасы келді. Ғалия Елеусінова ұлының ең алғаш рингке шығу сәті, мектеп кезіндегі Даниярдың бұзықтығы жайлы баяндады.

Данияр Елеусіновтің анасы ұлының сыныбында әр баланың намысы үшін қорған болып жүретінін және мұғалімге дұрыс бағаламай қалса ұстазымен ерегесуге дейін де баратын болған. Анасының айтуынша, ол әрдайым әділдік үшін күресіп жүретін болған екен.

Өнерге 3 бірдей ұлы жақын ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр ханым бала тәрбиесіне тоқталды. Ол өз сөзінде баланы еркін тәрбиелеп, икемі және қызығушылығы бар өнерге баулу керекекенін айтады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram