Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 августа 2019 10:17

Боксшы Жанқош Тұраровтың екінші баласы дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/zhankoshturarov_ © instagram.com/zhankoshturarov_

Боксшы Жанқош Тұраровтың екінші баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Боксшы Жанқош Тұраровтың екінші баласы дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүйінші хабарды боксшының өзі Instagram желісіндегі парақшасында жеткізген. 

"Ассалаумағалейкум бауырлар. Алланың бергеніне де бермегеніне де шүкір етемін, бүгін таңның атысымен қозымның сіңілісі, екінші ханшайымым дүние есігін ашты, әр қазақтың отбасында осындай қуаныштар көп болсын, балалы немерелі, шөберелі бола беріңіздер! Анасына рахмет, мені жәннатқа бір қадам жақындатқан", - деп жазба қалдырған.


© instagram.com/klarita_os

29 жастағы Жанқош Тұраров Жамбыл облысы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. 2009 жылдан бері кәсіпқой бокс саласында жұдырықтасып келеді. 

Еске сала кетейік, жұп 2016 жылдың қарашасында шаңырақ құрған. Боксшының жұбайының есімі - Клара. Тойды Алматы қаласында өткізген. Шақырылған қонақтардың ішінде Қайрат Нұртас та болған. Қазіргі таңда жұлдызды жұптың Алиянна есімді қыздары бар. 


© instagram.com/klarita_os

Айта кетейік, Жанқош Тұраров рингке соңғы рет биыл 6 шілдеде Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде шыққан еді. Боксшының қарсыласы аргентиналық Максимилиано Годой болған. Тұраров аргентиналық боксшыны техникалық нокаутпен жеңіп, WBO Inter-Continental титулын иеленген.

Бүгінде 29 жастағы боксшының еншісінде кәсіпқой бокста 24 жеңіс бар. Отандасымыз рингте әлі жеңіліп көрмеген. Ал 17 қарсыласын нокаутпен жеңген. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети