ПОДЕЛИТЬСЯ
08 июня 2019 | 18:20
"Бокстағы аңыз адам". Қазақстандықтар Геннадий Головкинге қолдау көрсетіп жатыр
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 9 маусымда болатын жекпе-жегіне қолдау білдіріп, видео түсіріп, флешмобқа атсалысып жатқандар саны күннен күнге артып жатыр. Флешмобқа еліміздің танымал адамдарымен қоса, қарапайым халық та қосылды. Олар чемпионға ән арнап, арнайы сурет салып, спорттық қабілеттерін видеоға түсіріп, қазақстандыққа сәттілік тілеу үстінде. Олар тілектерін #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хэштегтерімен жүктеп жатыр.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 9 маусымда болатын жекпе-жегіне қолдау білдіріп, видео түсіріп, флешмобқа атсалысып жатқандар саны күннен күнге артып жатыр. Флешмобқа еліміздің танымал адамдарымен қоса, қарапайым халық та қосылды. Олар чемпионға ән арнап, арнайы сурет салып, спорттық қабілеттерін видеоға түсіріп, қазақстандыққа сәттілік тілеу үстінде. Олар тілектерін #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хэштегтерімен жүктеп жатыр.
Солардың бірі бокстан Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы, әлем чемпионы Дина Жоламан да отандасына сәттілік тілеп, видео түсірді. Онда спортшы қыз тоғыз жаттығу жасайды.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Dina Zholaman (@dinazholaman) 5 Июн 2019 в 4:39 PDT
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы паралимпиадалық шаңғы тебу мен биатлон құрамасының жаттықтырушысы флешмобты қолдап, Геннадий Головкинге жеңіс тіледі.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Paralympic Skiing&Biathlon (@paralympicskiing) 7 Июн 2019 в 12:35 PDT
Мұқағалидің 170 өлеңі мен 3 поэмасын жатқа білетін Өркен Өсербай жекпе-жек алдында Геннадий Головкинге арнау жазған. Оны жас талант Жұлдыз FM эфирінде оқып берді.
Қазақстандық әнші Серік Ибрагимов та барша қазақстандықты Генаға жанкүйер болуға шақырып, спортшыға жеңіс тіледі.
Қазақстан ММА федерациясының басшысы Анатолий Ким де боксшыға қолдау білдіріп, эстафетаны қабылдап алды. Ол жаңбырдан кейін өзіне қиын деп тапқан жаттығуын тоғыз рет орындап шықты.
ҚР Мәдениет және спорт министірлігі "Спортты дамыту дирекциясы" және еліміздің спортшылары қазақ елінің мақтанышы - Генадий Головкиннің алдағы жекпе-жегіне жеңіс тіледі. Дирекция спортшылары жұмылып мотивациялық видео дайындаған. Онда Геннадий Головкин күш пен қайсарлықтың үлгісі, әлемнің үздік боксшыларының бірі, бокстағы аңыз адам екені айтылады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от ǫᴀᴢᴀǫsᴛᴀɴ ᴊɪᴜᴊɪᴛsᴜ ᴀssᴏᴄɪᴀᴛɪᴏɴ (@jj_kaz) 8 Июн 2019 в 12:30 PDT
Қазақстанды әнші Диана Шарапова да спортшыны қолдап ән орындап, жекпе-жекті асыға күтетінін айтқан.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Diana Sharapova (@dianasharapova_official) 5 Июн 2019 в 11:54 PDT
Instagram желісінде Ali_han_naiman есімді бүлдіршін флешмобқа арнайы видео түсірген. Ол өзінің жүзіп жүрген және жүдырықтасып жатқан видеосын жүктеп, онда "GGG, алға!" деп ұрандатқан.
"Болар елдің ұлдары бірін-бірі батыр дейді". Геннадий Головкинге біз де қолдау көрсетеміз. Саусақпен санарлықтай батыр ұлдарымызды мақтан етейік", - деп жазылған видео түсіндірмесінде.
Еске салсақ, Геннадий Головкинді қолдауға арналған флешмобты қарағандылық ERG Kazakhstan кеншілері бастаған. Видеоға 300 жұмысшы қатысып, арнайы жарылыс та ұйымдастырылған. Оның аумағы 900 шаршы метр. 12 тонна жарылғыш зат пайдаланылған, ал жарылған тау-кен массасының көлемі 97 мың текше метр.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также