Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 января 2020 17:41

Қанат Ислам 4, ал Жәнібек Әлімханұлы 5-орында. WBO рейтингінде қос қазақстандық тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. © Vesti.kz Қанат Ислам. © Vesti.kz

Қазақстанның қос боксшысы WBO-ның жаңартылған рейтингінде үздіктер қатарында тұр. Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның қос боксшысы WBO-ның жаңартылған рейтингінде үздіктер қатарында тұр. Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін WBO ұйымы әр салмақтағы рейтингін жаңартқан. Орта салмақтағы боксшылар рейтингінде Қанат Ислам 4-орында тұр. Мұның алдындағы рейтингіде Қанат 5-сатыда тұрған еді.

Ал бұған дейін дәл осы рейтингіде алтыншы орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы бір сатыға жоғарылады. Ол қазір үздік бестікке кіріп тұр. Бұл салмақта WBO чемпиондық белбеуі Деметриус Андрадеде.


2020 жылдың қаңтарындағы WBO рейтингі

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін былтыр 26 қазанда Алматыда өткізіп, намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңген болатын. Исламда қазір WBO International титулы бар.

Ал Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке 10 қарашада Калифорнияда шығып, канадалық Альберт Онолуносені нокаутпен жеңген еді. Қазір боксшыда орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas титулдары бар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети