05 ноября 2021 | 16:32

Қазақстан әлем чемпионатындағы жеке рекордын қайталай ала ма?

Бүгін бокстан әлем чемпионатының финалы басталады. Ел намысын төрт спортшы қорғап жатыр. Бүгін екі, ертең екі боксшымыз алтын медаль үшін жекпе-жекке шығады. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық боксшылардың қарсыластары туралы мәлімет жинап, олардың финалдағы мүмкіндігін бағалап көрді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін бокстан әлем чемпионатының финалы басталады. Ел намысын төрт спортшы қорғап жатыр. Бүгін екі, ертең екі боксшымыз алтын медаль үшін жекпе-жекке шығады. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық боксшылардың қарсыластары туралы мәлімет жинап, олардың финалдағы мүмкіндігін бағалап көрді. 

Теміртас Жүсіпов - Вуттичай Юрачай 

Әлем чемпионатының финалы - 48 келіде өнер көрсетіп жатқан Теміртас Жүсіповтің карьерасындағы ең үздік жетістігі. 33 жастағы боксшымыз бұрын Біржан Жақыповтың тасасында қалып, әлем чемпионаттарына бармайтын еді. Тек 2013 жылы Азия чемпионы атанғаны бар. Бұл - Теміртасқа карьерасы аяқталу сәтінде әлем чемпионы ретінде тарихта қалатын мүмкіндік. 

Реклама
Реклама

©ҚБФ

Теміртастың финалдағы қарсыласы таиландтық Вуттичай Юрачай болады. Юрачай "Койо" боксынан чемпиондық титулдың иегері.

Таиландтық боксшы биылғы әлем чемпионатында қарсыласының бәрін сенімді жеңді. Тек ширек финалда жапон Кацума Аратакені 3:2 есебімен қапы қалдырған. 

Жалпы, Таиланд тарихында бокстан бір ғана әлем чемпионы шыққан. Юрачатай чемпион болса, Таиланд боксы тарихына енетіні анық. 

Махмұд Сабырхан - Томоя Цубой 

Әлем чемпионатында жанкүйер сүйіктісіне айналған Махмұд Сабырханнан ел тек "алтын" күтіп отыр. 54 келідегі қарсыласының бәрін қуып сабап, сенімді жеңісімен есте қалған еді. 

©ҚБФ

Сабырханның финалдағы қарсыласы Томоя Цубой болады. Цубой көбіне тек өз елінде ғана танымал. Халықаралық жарыстарда жетістігі жоқ. Бірақ биылғы додада аяқ алысы жаман емес. 1/8 финалда Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Шахобиддин Зоировті жеңген. Ал жартылай финалда 2019 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері француз Билал Беннаманы еліне қайтарған. 

Оның үстіне, Томояның бокс тарихында қалатын тамаша мүмкіндігі туып тұр. Бұған дейін Жапонияда бокстан әлем чемпионы шықпаған.

Сәкен Бибосынов - Роско Хилл

6 қарашада Қазақстан мен АҚШ арасындағы дуэльдер өтеді. Екі елден де төрт боксшы финалға шыққан. Алдымен 51 келіде Сәкен Бибосынов пен америкалық Роско Хилл рингке шығады. 

©ҚБФ

Хилл 27 жаста, Сәкеннен үш жасқа үлкен. Бірақ бұрын әлем чемпионатына шығып көрмеген. Биыл АҚШ-та Олимпиада іріктеуінде үшінші орын алған. Әзірше карьерасы үлкен жеңістерге бай емес. Тек өз елінде жұдырықтасып, жүлделі орындар еншілеп жүр. 

"Финалға жоспарым ба? Ол (Сәке Бибосынов - авт.) не көрсететінін қарайын, сол жерде шешемін", - деген еді Хилл жартылай финалдағы жеңісінен кейін. 

Сәкен әлем чемпионаты мен Олимпиада жүлдегері болып атанып үлгерді. Биыл нағыз бабында. Сондықтан бұл дуэльде қазақстандық жеңуі қажет. 

Серік Теміржанов - Джамал Харви 

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Серік Теміржанов та америкалық Джамал Харвимен кездеседі. 23 жастағы Теміржанов та, Харви де әлем чемпионатының финалына алғаш шығып отыр. 

©ҚБФ

Жалпы, Харви - бұл әлем чемпионатындағы ең жас боксшылардың бірі. Жасы - 18-де. 

Бірақ бокстағы қадамы жаман емес. Сербияда 2019 жылғы әлем чемпионы өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловті жарыс жолынан шығарды. Мақсаты - әлем чемпионы болу. 

"Жағдайым жақсы, чемпион атанған ең жас боксшылардың бірі болуым мүмкін. Мұнымен іс бітпеді, "алтынға" бара жатырмыз", - деді Харви жартылай финалдан кейін. 

Қазақстан жеке рекордын қайталай ала ма?

Қазақстан тәуелсіз ел болғалы әлем чемпионатында 12 алтын медаль еншілеген. Жүлделер саны бойынша бесінші орында. КСРО құрамасына жету үшін әлі үш "алтын" қажет. Биылғы додан кейін Қазақстан 4-орынға көтерілуі мүмкін. Ар жағында 16 алтын медалі бар АҚШ та алыста емес. 

Қазақстанның бір әлем чемпионатындағы жеке рекорды 2013 жылы қойылған. Сол жылы Алматыдағы әлем біріншілігінде төрт боксшымыз алтын медаль алған еді. 

Содан бері әлем чемпионатында бір "алтыннан" аса алмай келе жатырмыз. 

Биылғы әлем чемпионатында жеке рекордты қайталауға мүмкіндік бар. Себебі қазақстандық боксшылардың негізгі қарсыластары жарыс жолынан шығып қалды. Финалдағы қарсыластың бәрін жеңуге қауқарлы. Сондықтан боксшыларымыз әлем чемпионатындағы жеке рекордын қайталай алады деп үміттенеміз. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная