ПОДЕЛИТЬСЯ
06 августа 2019 | 11:23
Таяуда отбасы құрған Садриддин Ахмедов пышақпен қауіпті челлендж бастады
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген, орта салмақта жастар арасындағы WBC чемпионы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) пышақпен қауіпті челлендж бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген, орта салмақта жастар арасындағы WBC чемпионы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) пышақпен қауіпті челлендж бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл әдісін боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. Видеода Ахмедов алманы әуеге лақтырып, пышақпен ортасын кесіп тастайды.
"Ал батыр ағаларым, достарым, мықты болсаңыздар, қайталаңыздар", - деген Ахмедов осындай челлендж бастады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от SOLDIER OF QAZAQ(S.O.Q) (@sadriddin_____soq) 5 Авг 2019 в 8:45 PDT
Естеріңізге салсақ, өткен демалыс күндері 21 жастағы Садриддин Ахмедов әнші Ақбота Құрманғалимен үйленген болатын. Ақбота 2018 жылы 17 жасында КешYou тобының солисі атанып, кейін ұжымнан кетіп қалған. Екі жастың тойы Нұр-Сұлтанда өткен еді.
Ахмедов кәсіпқой рингте 2018 жылдың сәуірінен бері өнер көрсетіп келеді. Тоғыз жекпе-жегінің сегізін Канадада өткізген, ал биыл наурызда алғаш рет Қазақстанда жұдырықтасқан болатын.
Енді боксшы келесі жекпе-жегін 26 қыркүйекте Монреальда өткізеді. Бұл кеште одан бөлек қазақстандық боксшылар - Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО), Нұрзат Сәбіров (10-0, 9 КО) пен Аман Қазанқапов (0-0-1) рингке шығады.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также