03 февраля 2021 | 11:55

"Бүгін сатып ал, әйтпесе ертең қымбаттайды". Депутат ипотекалық үй бағасын нақтылауды сұрады

Рахила Тлеуова Корреспондент

Депутат Аманжан Жамалов барлық мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша тұрғын үй шаршы метрінің шекті бағасын нақтылауды сұрап, премьер-министр Асқар Мамин мен Бәсекелестікті қорғау агенттігіне сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Депутат Аманжан Жамалов барлық мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша тұрғын үй шаршы метрінің шекті бағасын нақтылауды сұрап, премьер-министр Асқар Мамин мен Бәсекелестікті қорғау агенттігіне сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандықтардың көбіне тұрғын үй мәселесі бірінші кезекте қалып отыр. Мемлекет тұрғындарды қолдау үшін түрлі бағдарламаны іске асырып жатыр. Олардың көптігі сонша, санынан қателесуге болады. Бұл - "Нұрлы жер", "Бақытты отбасы", "7-20-25", "Баспана хит", "5-10-20" "Отбасы банк" ипотекасы. Былтыр "5-10-20" бағдарламасына 390 миллиард теңге жұмсалды. "7-20-25" бағдарламасы бойынша 309 миллиард теңгеге, "Баспана хит" бойынша 431 миллирд теңгеге заем рәсімделді. Осының бәрі қосылып, қазір азаматтарға зейнетақы бөлігін алуға рұқсат етілді. БЖЗҚ-дан алынатын ақша 2,4 триллион теңгеден асуы мүмкін. Басқаша айтқанда, триллиондаған ақша тұрғын үй нарығына жұмылдырылып жатыр. Құрылыс компаниялары да сырт қалған жоқ. Бірақ олар салатын үйдің сапасын арттыру емес, онсыз да қымбат пәтердің бағасын қымбаттатты. (...) Сайып келгенде мемлекет бағдарламадардың субсидиясы сатып алушыларға емес, құрылыс компанияларына түсіп жатыр. Оның үстіне үй бағасының өсуі БАҚ пен әлеуметтік желіде талқыланып, қолдан дүрбелең туғызады. "Бүгін сатып ал, әйтпесе ертең қымбаттайды" дегендей. Негізінде нарықта үй жетіп жатыр. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр", - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Реклама
Реклама

Ол Үкіметке мәселені шешу үшін ұсынысын айтты.

"Мемлекет басшысы нарықтағы үй бағасын реттеп, дүрбелең туғызбауды тапсырды. Президенттің тапсырмасын ескере отырып, Үкімет пен Бәсекелестіктінен қорғау агенттігін үй бағасының өсуін тоқтататын шара қабылдауды сұраймын:

Біріншіден, үй бағасының көтерілу себебін анықтау және тұрғын үй нарығындағы бәсекеге қарсы деректерді анықтау;

Екіншіден, барлық мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша тұрғын үй шаршы метрінің шекті бағасын нақтылау;

Үшіншіден, құрылыс компаниялары мемлекеттен қолдау алған жағдайда отандық өнім шығару және импортты дамыту бойынша міндет жүктеу", - деді Жамалов.

Айта кетейік, қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат етілгеннен кейін елімізде үй бағасы өскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная