19 января 2022 | 14:14

"Ең тиімді уақыт - бүгін". Сарапшылар 2022 жылғы тұрғын үй нарығына болжам жасады

Tengrinews.kz фотоколлажы

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін елдегі жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай екіұшты болып тұр. 2022 жылы құрылыс нарығы қалай өзгереді? Жылжымайтын мүлікті қай кезде сатып алған дұрыс? Tengrinews.kz тілшісі сарапшылардан сұрап білді.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін елдегі жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай екіұшты болып тұр. 2022 жылы құрылыс нарығы қалай өзгереді? Жылжымайтын мүлікті қай кезде сатып алған дұрыс? Tengrinews.kz тілшісі сарапшылардан сұрап білді.  

Танымал қытайлық экономист Мао Юуши Орта Азия қазіргі дағдарыстан алдағы 5 жылда оңай шықпайтынын ескертіп, құрылыс азаятынын болжады. Ал Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков бұл пікірмен келіспей, Қазақстанда құрылыс жұмыстары қайта жанданатынын айтып отыр. 

"Қазақстандағы құрылыс саласы күрт өзгеріске ұшыраған жоқ, яғни жоспар бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Әрине, Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін белгілі нысандардың бір бөлігі тоқтатылды, бірақ алдағы аптада бәрі қалыпты жұмысына оралады. Мойындау керек, еліміздегі құрылыспен айналысушы компаниялар қиын жағдайға тап болды: құрылыс материалдары мен жұмыс күші бірден қымбаттап кетті. Мұны жасыра алмаймыз, бірақ бұл Қазақстан сияқты ел үшін үлкен проблема емес", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Фото:elements.envato.com

Микрюков құрылыс компанияларындағы дағдарыс нарық бағасына өз әсерін тигізетінін жасырмады. 

"Егер тұрғын үйдің нарықтағы құнына тоқталсақ, онда ол құрылыс материалдарының бағасымен тікелей байланысты, яғни пәтер қымбаттайды, бірақ бұған мемлекет араласып, жағдайды өзгертуі де мүмкін", - деді Құрылыс салушылар қауымдастығының президенті.

Сонымен қатар, ол нарықтағы бағаға мемлекеттің қалай араласа алатыны және құрылыс саласында пайда болған жаңа тенденцияларға тоқталды. 

"Құрылыс саласының жаңа тенденциялары пайда болды. Бүгінде құрылысқа байланысты көптеген мәселенің шешімі табылды. Біз елдегі дүрбелеңнен кейін Қаржы министрлігімен бірнеше кездесу өткіздік. Өткен жылы шеше алмаған мәселелер қайта қозғала бастады. Мемлекет өз кезегінде Қазақстандағы құрылыс тоқтап қалмауы үшін тиісті шараларды қолданады. Мұның нәтижесінде құрылыс компанияларының шығындары төмендейді деп ойлаймын, бұл нарық бағасына оң әсер етеді", - деді Микрюков.   

Сарапшы Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден кейін пәтер бағасы қымбаттауына себеп болатын басты факторды атады.

"Енді барлық құрылыс салушы өз объектісінің қауіпсіздігіне баса мән береді. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктен кейін дабыл түймелері, әскерилендірілген күзет, жан-жақты жетілген қоршаулар мен видеобақылау, яғни, клиенттерге жайлылық пен қауіпсіздік қажет екені анықталды. Бұған дейін мұндай қызметтер тек арнайы тапсырыспен ғана жүзеге асатын. Әрине, мұның бәрі қосымша шығын болады", - деді ол.

Фото:elements.envato.com

Сөз соңында Құрылыс салушылар қауымдастығының президенті жылжымайтын мүлік неге таптырмас инвестиция екенін түсіндіріп, қазақстандықтарға кеңес берді.

"Жылжымайтын мүліктің инвестициялық мүмкінділігі әлі де жоғары екенін айтқым келеді. Мәселен, Алматыда дүрбелеңге дейін алыпсатарлардың кірісі 20-25 пайыз болса, Нұр-Сұлтанда 10 пайызға дейін жетті. Тұрғын үйге инвестиция салу тиімді, бұл әрқашан да кепілді табыс көзі болып қала береді. Уақыт құртып, басқа да саяси өзгерістерді күтпей, жылжымайтын мүлікке инвестицияны қазір-ақ құйған дұрыс болады", - дейді Виктор Микрюков. 

Риелтор Төлеген Өмірзақов та құрылыс нысандары қымбаттайтынын ескертіп, пәтер сатып алуға қолайлы кезеңді атады. 

"Құрылыс сарапшыларының пікірінше, 2022 жылы жылжымайтын мүлік нарығында құрылыс материалдары бағасының өсуі жалғасады. Тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін пәтерлердің аумағы, яғни шаршы метрі азаяды. Бүгінде тұрғын үй бағасы ең жоғары деңгейге жетті. Келесі жылы жағдай реттеліп, құрылыс нысандарының бағасы төмендейді дегенге ешкім де сенбейді. Оның үстіне, қолайлы жеңілдіктер қарастырылған ипотекалық бағдарламалар жабылып жатыр, ал халықтың басым бөлігі зейнетақыны пайдаланып үлгерді. Егер мүмкіндік болса, құлдырауды күтпей, сатып алуға кірісе берген жөн. Ең тиімді уақыт - бүгін, өйткені баға ары қарай өсе береді", - дейді ол. 

Сондай-ақ, біз қаржы саласы мамандарының пікірін де тыңдадық. Қазақстандық экономист Арман Байғановтың сөзінше, 2022 жылы пәтер сатып алу деңгейі былтырғы көрсеткіштен аз болады. 

"Қаңтар оқиғасынан кейін нарыққа нақты баға беру қиын. Оның үстіне, қаңтар мен ақпанда қаржылық операциялар көп болмайды. Мен осы жылы инфляция деңгейі өте жоғары болады деп ойлаймын. Мемлекет түрлі бағдарламалар мен акциялар қарастырып, жұмысшылардың айлығын көтерсе де, ел экономикасы бірден қалыпқа келмейді. Ұлттық банк теңге бағамын жасанды түрде қолдайды болады, басқа амал жоқ", - деді экономист.  

Автор: Мұхтар Жәмішжанов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная