01 февраля 2022 | 09:34

Жалдамалы пәтердің 50 пайызын мемлекет төлейді: өтініш берушіге қандай талаптар қойылады?

Фото: Тұрар Қазанғапов

Жалдамалы пәтер ақысының 50 пайызын мемлекет төлеуі үшін өтініш берушіге қандай талаптар қойылатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жалдамалы пәтер ақысының 50 пайызын мемлекет төлеуі үшін өтініш берушіге қандай талаптар қойылатыны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты. Министрдің айтуынша, шамамен 70 мың адамға қолдау көрсету жоспарланып отыр. Ол үшін бюджеттен 50 миллиард теңге қажет. Кезекте тұрған адам санына байланысты бұл қаражат көлемі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін. 

"Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар: біріншіден, ҚР азаматтығы. Екіншіден, отбасының кейінгі алты айдағы жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1 еселенген шамасынан аспауы. Үшіншіден, тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікке кезекте тұрғанын растауы", - деді Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, тұрғын үй иесі мен өтініш беруші арасында шарт жасалуы керек. 

Еске салайық, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлеуметтік осал топтарға жалға алып отырған тұрғын үйінің 50 пайызын үкімет төлейтіндей көмек тетігін әзірлеген болатын. Яғни жалға алу құнының 50 пайызын мемлекет, қалған 50 пайызын жалға алушы төлейді.

Жалдамалы пәтер ақысының 50 пайызын мемлекет төлейді: топ-7 сұраққа жауап


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная