ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сентября 2020 | 15:58
Жыл соңында баспана бағасы қандай болады?
Пандемия басталғалы Қазақстанда баспана қымбаттай түсті. Соңғы 6 айда қайталама нарықтағы пәтер бағасы орташа есеппен 7 пайызға өскен. Ал жыл соңына дейін баспана 10-15 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне риелтор, экономист Шолпан Әмірбаева айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Пандемия басталғалы Қазақстанда баспана қымбаттай түсті. Соңғы 6 айда қайталама нарықтағы пәтер бағасы орташа есеппен 7 пайызға өскен. Ал жыл соңына дейін баспана 10-15 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне риелтор, экономист Шолпан Әмірбаева айтты.
Риелтордың айтуынша, жағдай ушықпаса және ТЖ режимі қайта енгізілмесе көктемге қарай бағалар тұрақталып, орташа есеппен 3-5 пайызға арзандайды.
"Төтенше жағдай режиміне байланысты халықтың төлем қабілеті шамамен 30 пайызға дейін төмендеді, яғни келісімшарттар саны соңғы жарты жылда азайды деуге болады. 2008 жылы дағдарыс болған кезде де жылжымайтын мүлік нарығы 70-80 пайызға дейін құлдыраған еді. Бұл жолы да карантиннің әсерінен баспана нарығы тоқтап қалды. Жағдай ушықпаса, нарық 2021 жылдың көктемінде қалпына келеді деп сенеміз", - дейді сарапшы.
Дегенмен, қазір сатушылар бағаны көтеріп жатыр екен. Мысалы, бүгінде Нұр-Сұлтанда пәтердің шаршы метрі 325 мың теңге, жыл соңына дейін ол көрсеткіш 360 мыңға жетуі мүмкін дейді.
Сондай-ақ, Әмірбаева карантин кезінде учаскелерге мен жер үйлерге деген сұраныс екі есе артқанын айтады.
"Сұраныстың өзгеруіне байланысты жер үйлерге сұраныс артты. Ал кеңселерге деген өтініштер жоқ. 1-2 бөлмелі пәтерлерге де сұраныс азайды. Сондай-ақ, Алматыда саяжайлардан, қала сыртынан баспана іздейтіндер көбейгені байқалады. Саяжайдағы үйлердің иесі баспана бағасын 5-7 пайызға көтерді. Сонда да сұраныс азайған жоқ ", - дейді ол.
Сарапшының айтуынша, карантиннен кейін бірінші және екінші (зәулім пәтерлер мен бизнес-класс) санаттағы пәтерлердің бағасы айтарлықтай жоғарылауы мүмкін - шаршы метріне 460 мың теңгеге дейін. Ал үшінші және төртінші санаттағы (комфорт және эконом) пәтерлер сол қалпында шаршы метрі орташа есеппен 250 мың теңгеден бастап сатылады дейді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также