16 октября 2018 11:29

Маман жаңа тұрғын үй бағдарламаларының қайталама нарыққа деген ықпалын айтып берді

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
© pixabay.com

Жылжымайтын мүлік бойынша маман Қазақстанда жыл басынан бері жүзеге асып жатқан тұрғын үй бағдарламаларының қайталама нарыққа деген әсерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жылжымайтын мүлік бойынша маман Қазақстанда жыл басынан бері жүзеге асып жатқан тұрғын үй бағдарламаларының қайталама нарыққа деген әсерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылжымайтын мүлік бойынша маман, риэлтор Әсел Есенованың айтуынша, жаңа тұрғын үй бағдарламалары қайталама нарыққа айтарлықтай әсер еткен.

Реклама
Реклама

"Қазір үй іздеген қазақстандықтардың көпшілігі пәтерді ипотекаға алатын болған. Қазір мемлекеттік бағдарламалар да, екінші деңгейлі банктер желісімен рәсімделетін ипотекалар да көп, олардың өзіндік жеңілдіктері, артықшылықтары бар. Бұл бағдарламалар қайталама нарықтағы үйлердің сатылымы жағынан сандық көрсеткіштеріне әсер еткенімен, бағасына айтарлықтай әсер етпеді, баға өзгере қойған жоқ", - деді Есенова.

Риэлтордың айтуынша, бағдарламалардың жүзеге асуы қайталама нарықта үй сататындарды "састырмады".

"Қазір үйін жылдам сатқысы келетіндер нарықтағы бағаны қойып жатыр, ал бағасын тым жоғары қойғандар ұзақ уақыт бойы сата алмай, тіпті бірнеше жыл күтіп жүреді, кейбірі ақыры сата алмайды. Бұрын риэлторларға да сұраныс жоғары болатын, себебі Интернетте тұрғын үйлер, олардың сатылымы туралы ақпарат аз болды. Ал қазір клиенттер үйді өздері табады, тек эксклюзив пәтерлер болғанда агенттікке келіп, біз оны сатуға жариялап, оңай сатылып кетуіне жағдай жасаймыз", - деді риэлтор.

Маманның айтуынша, қазір үй сатып алатындар баспана саудасын делдалсыз жасайтын болған.

"Қазір Instagram, Facebook сияқты әлеуметтік желінің барлығында жарнама толып жүреді. Үй іздеген адамдар солар арқылы керегін тауып, делдалсыз сатып алып жатыр. Алайда уақыты тығыз, мәмілені сауатты рәсімдегісі келетін, ешбір проблемаға ұрынғысы келмейтін адамдар әлі де агенттік қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді", - деді Есенова.


Суреттер pixabay.com сайтынан алынған.

Жылжымайтын мүлік бойынша маман тұрғын үйлердің алдағы уақыттағы бағасына болжам жасады. 

"Алдағы қыста қайталама нарықтағы үйлердің бағасы айтарлықтай өзгере қоймайды деп ойлаймын. Адамдар "7-20-25" бағдарламасымен бастапқы нарықтың үйлерін алып жатыр. Қайталама нарықтан үй алғысы келетіндер мемлекеттік бағдарламаға қатыспайды, олар бәрібір үйді қайталама нарықтан іздейді. Кейінгі кездері доллар бағамына түрлі болжам жасалып, алдағы айларда шетел валютасының құны 400 теңгеге дейін жетеді деп айтылып жүр. Доллар бағамы қаншаға көтерілсе де қазір үй бағасы өзгермейді, бұған тәжірибеде көзіміз әбден жетті", - деді риэлтор.

Оның айтуынша, үй бағасын теңгемен белгілеу бағаның қалыпты болуына біршама жағдай жасаған.

"Бұрын пәтер сататындар бағаны доллармен белгілейтін, қазір олай емес, қазір қазақстандықтар сатқалы отырған баспанасының бағасын теңгемен белгілейді. Тәжірибемнен айтайын, доллар бағамы 334 теңге болғанда 20 миллион теңге тұрған пәтер көктемде де, жазда да, қазір де 20 миллион теңге болып тұр", - деді Әсел Есенова.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram