Пәтер таңдағанда риелтордың көмегі қаншалықты қажет - Маман кеңестері

05 Қараша, 21:02
4

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Риелторлық қызмет реттеле ме?!" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында риелторлық қызметке мамандар толығырақ тоқталды. Олар табыс пайдасы, құжаттарды рәсімдеу, сондай-ақ оларға деген сұраныс жайлы айтты.

Бағдарламаға келген Жан Рысбаев есімді азамат риелтор болып қызмет етіп жүргеніне сегіз жылдан аса уақыт өткенін айтады. Алдыңғы айда бір ғана келісімшарт жасап, сол себепті аз табыс (120 мың теңге) тапқан, ал оның алдындағы айда үш миллион алты жүз мың теңге алған.

"Кей жағдайда сатып алушылар үйді көруге келгенде үй иесіне телефонын қалдырып кетіп, риелторсыз жұмыс істейік деп келісіп жатады. Себебі ешкім бізге бергісі келмейді. Сол үшін де біз келісімшарт жасасамыз", - дейді Жан Рысбаев.

Бағдарламаның тағы бір қонағы риелтордан қалай алданып қалғанын мәлімдеді.

Назым Амангелдіқызы бағдарламаның басынан аяқ риелторлардың қажеті жоқ екенін түсіндірумен болды.

"Мен ешқандай риелторсыз үйдің иесін тапқым келеді. Алайда сіз бәрібір риелторға түсесіз. Сіздің бағыңызға орай ол сауатты, жауапкершілігі мол жан болса ғана ойыңыздағы баспанаға ие боласыз, ал көп жағдайда олар сіздің уақытыңыз бен ақшаңызды иемденіп, сіз қаламасаңыз да әйтеуір бір үйді тауып береді. Мен достарыма және туыстарыма пәтерді өзім іздеп тапқан адаммын. Мен өз-өзіме риелтормын. Риелторлардың еңбегі тек хабарландырудағы үй иесінің аты мен нөмірін жасырып ақша табу", - дейді Назым Амангелдіқызы.

Бағдарламаға арнайы шақырылған заңгер Бақберген Алданазар сатып алушы алданып қалған жағдайда кім жауапқа тартылатынын жіктеп берді.

Сонымен қатар, риелторлық агенттіктің жетекшісі Еламан Кеңесбеков құрылыс компаниясына тікелей үй алу кезінде риелторға неліктен жүгінген дұрыс деген сұраққа жауап берді.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Получить короткую ссылку

Тегтер:

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц