26 апреля 2021 | 16:55

2020 жылдың үздік фильмі - "Көшпенділер жері" не туралы?

Фото: Searchlight Pictures

Кеше, 25 сәуірде Лос-Анджелесте Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы ұйымдастыратын 93-інші "Оскар" жүлдесін табыстау шарасы өтті. "Үздік фильм" номинациясын Nomadland ("Көшпенділер жері") иеленді. 2020 жылы түсірілген америкалық драманың режиссері, сценарисі мен монтажері Хлоя Чжао болған. Фильм туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 25 сәуірде Лос-Анджелесте Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы ұйымдастыратын 93-інші "Оскар" жүлдесін табыстау шарасы өтті. "Үздік фильм" номинациясын Nomadland ("Көшпенділер жері") иеленді. 2020 жылы түсірілген америкалық драманың режиссері, сценарисі мен монтажері Хлоя Чжао болған. Фильм туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Басты кейіпкер АҚШ-тың батыс аймағында саяхаттау үшін үйінен кетіп қалады, оны Фрэнсис Макдорманд сомдады. Екінші пландағы рольді Дэвид Стрэтэйрн ойнады, ал көшпенділер Линда Мэй, Суонки мен Боб Уэллс өз-өздерін сомдады. Фильм Джессика Брудердің "Көшпенділер жері" деректі романына негізделген.

Реклама
Реклама

Фильм премьерасы 2020 жылдың 11 сәуірінде болған 77-ші Венециандық кинофестивальде өткен болатын. Айта кетейік, фестиваль кезінде фильм "Алтын арыстан" конкурсында бас жүлдені иеленген. Одан бөлек, фильм Торонто халықаралық кинофестивалінде "Көрермендер көзайымы сыйлығын" жеңіп алған. Фильм жарыққа шыққаннан кейін былтыр 4 желтоқсанда санаулы бір аптаға прокатқа шыққан болатын. Одан бөлек, фильмді биыл 29 қаңтарда Searchlight Pictures компаниясы фильмді IMAX кинотеатрларында көрсеткен, ал 19 ақпанда фильм Hulu цифрлық форматында қолжетімді болды.

Фильм сюжеті

2011 жылы Ферн Невада штаты, Эмпайр қалашығындағы гипс-картон өндіретін зауыт жабылып қалғаннан кейін жұмыссыз қалады. Ол бұл зауытта біраз жыл жұмыс істеген. Сөйтіп Ферн мүлкінің біразын сатып, оның орнына фургон сатып алып, саяхаттап, жұмыс іздемек болады. Қыс мезгілі түсіп, басты кейіпкер Amazon компаниясының сорттау орталығына маусымдық жұмысқа тұрады. Бірде Ферннің құрбысы әрі әріптесі Линда оны "қаңғыбастардың арбадағы рандевуын" көріп қайтуды ұсынады. Оның ұйымдастырушысы - Боб Уэлсс, ол көмекке зәру көшпенділерді қолдаушылардың бірі. Бастапқыда Ферн құрбысының бұл ойынан бас тартады. Бірақ артынша күн суып, жаңа жұмыс таба алмай жүргендіктен келіседі. Сөйтіп басты кейіпкер "көшпенділермен" танысып, жолда қалып қойған кезде қорғану мен аман қалу жолдарын үйрене бастайды. Осылайша Ферн жолда бірнеше "көшпендімен" танысады.

Бірде Ферн Бэдлендс ұлттық паркінде орналасқан лагерьге әкімші болып жұмысқа орналасады. Ол жерде тағы бір "көшпенді" Дэвидпен танысады. Дэвид ұлттық паркке уақытша жұмысқа орналасқан. Бірде оған шұғыл операция жасалып, ауруханаға түседі. Ал Ферн арасында ауруханаға барып, оның жағдайын біліп тұрады. Артынша екеуі Оңтүстік Дакотадағы "Уолл Драг" тамақ ішу орнында бірге жұмыс істейді. Бірде мейрамханаға Дэвидтің үлкен ұлы Питер келіп әйелінің аяғы ауыр екенін айтып, әкесіне немересімен кездесуін сұрайды. Дэвид біраз ойланады, алайда Ферн оны отбасымен кездесуіне көндіреді. Дэвид Фернге бірге баруды ұсынады, алайда ол бұл ұсыныстан бас тартады.

Ферн қайтадан жаңа жұмысқа орналасады. Бірде оның фургоны сынып қалады, ал жөндету қымбат. Сөйтіп Калифорниядағы әпкесіне барып, қарызға ақша сұрайды. Артынша Ферн Дэвид пен оның отбасының үйіне барады. Дэвид отбасымен қалуды ұйғарғанын біледі. Ол Фернді жақсы көретінін айтып, бірге қалуды ұсынады. Алайда Ферн бірнеше күннен кейін теңіз жағасына кетіп қалуды шешеді.

Фильм қалай түсірілді?

Фильм режиссері және сценарийін жазған - Хлои Чжао. Ол биылғы "Оскарда" "Үздік режиссер" атанды. Чжао АҚШ-тағы нәсілдік азшылықтардың алғашқы өкілі, жақсы режиссура үшін "Оскар" алған алғашқы әйел және "Оскарда" үздік атанған екінші әйел режиссер. АҚШ киносыншылар кеңесі және Америка киноөнер институты "Көшпенділер жерін" 2020 жылдың үздік он фильмінің қатарына кіргізген.

2017 жылы Фрэнсис Макдорманд (Ферн) және Питер Спирс (Питер) Джессика Брудердің "Земля кочевников" атты кітабын экрандау құқығына ие болған. Сол жылы Макдорманд Торонтодағы халықаралық кинофестивальде Хлои Чжаоның "Наездник" атты фильмін көреді. Фестиваль аяқталғаннан кейін Макдорманд Чжаоға жоба бойынша ұсыныс жасайды. Осылайша Макдорманд, Спирс және Чжао 2018 жылы наурызда " Независимый дух" премиясының марапаттау рәсімінде кездеседі де Чжао фильмнің режиссері мен сценарисі болуға келіседі.

Фото: ашық дереккөздерінен

Фильм 2018 жылы төрт айдың ішінде түсірілген. Айта кетейік, бұл уақыт аралығында Чжао "Көшпенділер жерінен" бөлек "Вечные" фильмінің түсірілімінде жүрген. Түсірілім тобы фильм түсірілген уақытта фургонда өмір сүрген. Одан бөлек, фильмге нағыз көшпенділер түскен: Линда Мэй, Суонки пен Боб Уэлсс түскен және олар фильмде өздерін ойнаған. Ал Макдорманд, Спирс, Молли Ашер, Дэн Дженви және Чжао продюсерлікті де қатар алып жүрген.

"Оскар-2021": полный список победителей

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная