ПОДЕЛИТЬСЯ
16 января 2020 | 14:04
"25 келі тастадым". Танымал актер Әбунасыр Серіков ауыр сырқаты жайлы айтты
Желіде танымал актер Әбунасыр Серіков ауыр дертке шалдықты деген ақпараттар тарап кетті. Бұл туралы актердің өзі "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан еді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде танымал актер Әбунасыр Серіков ауыр дертке шалдықты деген ақпараттар тарап кетті. Бұл туралы актердің өзі "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан еді.
"Төрт жылдан бері емделіп, қатты науқастанғаннан кейін қазір гастрольге шыға алмаймын (...). Мен өзім науқастанғаннан кейін 25 келі тастадым. Енді-енді екі-үш келі қосып, өз-өзіме келе жатырмын. Қазір ауруханада тіркеуде тұрамын. Маған дәрісін береді. Дәрісін таңертең, түсте және кешке ішемін. Сондықтанда өз-өзіме енді келе жатырмын", - деген еді актер "Ревю" бағдарламасында.
Tengrinews.kz тілшісі актердің администраторы Әбілқайыр Ахметовпен байланысып өнер иесінің жағдайын білді.
"Сыртқаттары белгілі. Емделіп жүргеніне 3-4 жылдай болды. Арқасының жарығы (грыжа) және қант диабеті бар. Содан емделіп жүр", - дейді актердің администраторы.
© instagram.com/abeke.serikov
Әбілқайырдың айтуынша, актерге отаны арқа жарығына байланысты жасаған.
"Содан кейін арқа сүйегіне бездер жабысып қалған. Соны емдеп жатыр. Қазір шетелде емес, елімізде емделіп жатыр", - дейді Әбілқайыр Ахметов.
Айта кетейік, "Нысана" әзіл-сықақ театрының директоры Әбунасыр Серіков соңғы кездері отандық фильмдерге де түсіп жүрген танымал актер. Өнер жолын "Бауыржан-шоу" театрында бастаған актер бұған дейін "Келинка тоже человек", "Брат или брак", "Брат или брак-2", "Семьянин", "Аташка на хайпе" және басқа да фильмдерде басты рөлдерде ойнаған.
Показать комментарии
Читайте также