Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 ноября 2018 17:07

Актер Есім Сегізбаев қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есім Сегізбаев. Есім Сегізбаев.

Қазақстанның Мәдениет қайраткері Есім Сегізбаев дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Мәдениет қайраткері Есім Сегізбаев дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қазақстандық өнер майталмандары әлеуметтік желіде жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Есім Сегізбаев ұстазыммен соңғы түскен сурет екен,курстастар болып 80 жылдығын бірге ортақтасып өткізіп едік,қалжыңқой кісі еді жарықтық,Жаныңыз жәннәттә болсын ұстаз,қаншама шәкіртіңіз бар,жүрегіміздесіз ұстазм,туыҒан туыстарына қайғырып көңіл айтамын.

Публикация от Аллам берекесін берсін (@maksat_bazarbay)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Саналы ғұмырын сахна саңлақтарына сабақ берумен сарп еткен ұлағатты ұстаз, профессор Есім Сегізбаев фәниден бақиға аттанды. АЛЛА тағала ЖӘННАТтан жай нәсіп еткей. ????????????????????????????????????☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бала күнімнен Есім Сегізбаев деген есімді естіп өстім/киноның соңында дубляж жасағандар Мәкіл Құнанбаев,Фарида Шарипова,Есім Сегізбаев... деп кете беруші еді/кейін Жүргенов ат ҚҰӨА на оқуға тускенде жатаxанада тұрдым бірде астынғы этаждан бір кісінің ұрсып жатқан дауысы естілді елдің бәрі ойбай Есім Жүкенович келді деп бөлмелерін жинастыра бастады әлгі ұрсып жатқан дауыс өте таныс дауыс қайдан естідім деп қоям бір кезде Есім Жүкенович да келді біздің болмеге ал дауыс болса таныс сүйтсем біз Есім Жүкенович деп жүргеніміз Есім Сегізбаев екенін кейін білдік ол кезде тегін білмейді екенбіз елдің бәрі Жүкенович деп жүрген соң қайдан білейік содан кейін тірі аңыз ғой бұл кісі деп көрген жерімізде жүгіріп барып амандық сүрасып бас салатын болдық , ал түсірілім жағынан келсек Аллаға шүкір ол кісімен 3/4 киноада портнер болдым керемет адам керемет ұстаз еді амал қанша иманыңыз жолдас жаныңыз жәнәтта болуды нәсіп етсін жақсы АДАМ,ҰЛЫ ҰСТАЗ...

Публикация от Imangali Asset (@imangaliasset)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қаралы xабар. Қазақ өнеріне еңбегі сіңген актер, ұлағатты ұстаз, профессор, театр және кино, дубляждың майталманы, менің ұстазым Есім Жүкеұлы Сегізбаев дүниеден озды. Есім балапандары деп барлығымыз шұбырып, еркелеп жүретінбіз. Ағай, сізге айтар алғысым шексіз! Бастысы адам болыңдар, мамандықтарыңа адал болыңдар деп ұрыстыңыз, еркелеттіңіз, бізді дұрыс жолға тәрбиелеп батаңызды бердіңіз. Барлық шәкірттеріңіз сізді қатты жақсы көреді, үмітіңізді ақтап келе жатыр. Ойымды жинақтай алмай отырмын. Көп зат жазғым келеді, айтқым келеді...Соңғы кездері сізге аз көңіл бөліп қойған сияқтымыз...Кешірім сұрауға енді кеш((( Сіз ешқашан ешкімге өтірік айтпадыңыз, әр кезде шындық айттыңыз, жаман сөздер сізден мүлдем естіп көрмедік, жұмысыңызға адал болдыңыз. Өнер адамының, оның ішінде актерлардың ішкі жан дүниесі таза болу керек, өтірік айтпау керек, саxнаны ластамау керек деп ылғи айтатын едіңіз. Мені "менің талтақайым" деп еркелететін едіңіз. Амал қанша? Бұл дүниде ешнәрсе мәңгі емес...Барымызды бағалап, сыйласып жүрейікші. Ағай, сіз нағыз тұлғасыз! Қазақ өнерінің аңыз адамысыз! Мәңгі жүрегіміздесіз! Жатқан жеріңіз жайлы болсын! Қош болыңыз, ағаай...

Публикация от Асылхан Толепов (@assylkhantolepov)

Есім Жүкеұлы Сегізбаев 1937 жылы 14 сәуірде Көкшетау облысы, Рузай ауданы, Сарыадыр ауылында дүниеге келген. Ол - актер, педагог, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Білім беру ісінің үздігі.

1958 жылы Щучинск қаласындағы алтын-платина тау-кен техникумын бітірген. 1958-1961 жылдары әскер қатарында болған аға лейтенант. 1961-1965 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кино және драма актеры мамандығын бойынша тәмамдаған.

1965-1978 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында жемісті еңбек еткен. 1978 жылдан бері негізгі кәсіби мамандғы "Актер шеберлігі" пәнінен Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор лауазымдарын атқарды.
Өмірінің соңына дейін Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры болды.

Есім Сегізбаев драма және кино, музыкалық театр актерларының 13 тобын (200-ден аса шәкіртті) оқытып шығарған, 15 дипломдық спектакль қойды. Оның шәкірттері Астана мен Алматыда және Қазақстанның барлық қазақ театрларында, радио-телестудияларында, өнер мекемелерінде қызмет етеді. Сегізбаевтың жалпы еңбек жолы - 58 жыл, соның ішінде 47 жылын өнер саласына арнаған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети