Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 декабря 2018 23:09

Асылxан Төлепов Қырғызстанда жылдың үздік актері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асылхан Төлепов. © Мысыр Ерзат Асылхан Төлепов. © Мысыр Ерзат

Қазақстандық актер Асылxан Төлепов "Время стойких. Көк-Бөрү" фильміндегі басты рөлі үшін Қырғызстанда "Жылдың үздік актері-2018" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі актердің өкілі Мысыр Ерзатқа сілтеме жасап.


Қазақстандық актер Асылxан Төлепов "Время стойких. Көк-Бөрү" фильміндегі басты рөлі үшін Қырғызстанда "Жылдың үздік актері-2018" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі актердің өкілі Мысыр Ерзатқа сілтеме жасап.

Бір ай бойында ашық дауыс беру тәртібі арқылы жүрген байқаудың қорытындысы Бішкекте бүгін, 24 желтоқсанда шығарылып, марапаттау рәсімі өтті. 

"Қырғызстан Республикасында бір айға созылған жыл үздіктерін анықтайтын байқау өз шегіне жетті. Қырғыз xалқының ең үздік актерлері мен өнер майталмандары бақ сынасып жатқан байқауға Қазақстанның танымал актері Асылxан Төлепов "Время стойких. Көк-Бөрү" фильміндегі басты рөлі үшін "Жылдың үздік актері-2018" номинациясы бойынша бас жүлдені қанжығасына байлады", - деп хабарлады актердің өкілі.


© Мысыр Ерзат

Сондай-ақ, оның айтуынша, үздік актерге мүсіншені Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген актрисасы Жамал Сейдакматова табыстап, жылы лебізін білдірді.

"Сүйінші, ағайын! Жаңа ғана Қырғыз елінде "Время стойкиx. Көк-бөрү" фильмінде басты рөлді сомдағаным үшін "Жылдың ең үздік актеры" атандым. Қолдау көрсеткен барша жандарға алғысымды айтамын. Тәуелсіз еліміздің айбынды ұланы ретінде жеңісімді ҚАЗАҚ еліне арнаймын", - деді Төлепов марапаттау сәтінде.


Фильмнің постері

Айте кетейік, "Время стойкиx. Көк-бөрү" фильмі 20 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Қырғыстан Республикаларының барлық кинотеатрында көрсетілімге шықты. Фильмнің басты кейіпкерін елімізге белгілі актер Асылxан Төлепов сомдады. Фильмнің режиссері Руслан Акунов, продюсері Нұрбек Айбашов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті достар, көптен күткен қуанышты жаңалық : "Время Стойкиx" фильмінің трейлерін назарларыңызға ұсынамыз. Көрермен үмітін ақтау үшін біздің үлкен ұжымымыз көптеген қиындықтарға қарамастан бұл фильмге барын салып, аянбай еңбек етті. Маңдай термен жарыққа шығатын бұл туынды жүректеріңізден орын табады деген үміттеміз. 20-шы қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында қауышқанша. "Көкпар"-Нағыз ер жігіттер туралы фильм. Ал, кеттік... Ой-пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар⬇️ ......................................................................................................................... Дорогие друзья, а вот и казахская версия трейлера к фильму «Время Стойких». Вся наша большая дружная команда приложила титанические усилия, чтобы оправдать ваши ожидания. Фильм про настоящих мужчин. Ждем всех в кинотеатрах с 20 сентября. Делимся впечатлениями в комментариях⬇️ #времястойкиx #фильмкөкбөрү #фильмкокбору #фильмвремястойкиx

Публикация от Асылхан Толепов (@assylkhantolepov)

Асылхан Төлепов 2012 жылғы шыққан "Жаужүрек Мың бала" атты фильмдегі Сартай батырдың рөлінде ойнағаннан кейін танымал болған еді. 26 жастағы актер 2016 жылдан бері Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети