ПОДЕЛИТЬСЯ
07 апреля 2020 | 09:36
Джеки Чан коронавируспен қалай күресіп жатыр?
Бүгін аты әлемге әйгілі актер Джеки Чанның туған күні. Ол 1954 жылы 7 сәуірде кедей отбасында дүниеге келген. Әкесі Чарльз Чан мен анасы Лили Чан азаматтық соғыс кезінде Гонконгке қашып кеткен. Ал 1960 жылы Аустралияға көшкен. Алғаш кино әлеміне каскадер ретінде қадам басқан. Соңғы кездері актер коронавирусқа қарсы атсалысып, тіпті қазақстандықтарға үндеу жасады. Tengrinews.kz тілшісі танымал актердің өмірі мен коронавирус мәселесінің шешілуіне қосып жатқан үлесі туралы баяндайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін аты әлемге әйгілі актер Джеки Чанның туған күні. Ол 1954 жылы 7 сәуірде кедей отбасында дүниеге келген. Әкесі Чарльз Чан мен анасы Лили Чан азаматтық соғыс кезінде Гонконгке қашып кеткен. Ал 1960 жылы Аустралияға көшкен. Алғаш кино әлеміне каскадер ретінде қадам басқан. Соңғы кездері актер коронавирусқа қарсы атсалысып, тіпті қазақстандықтарға үндеу жасады. Tengrinews.kz тілшісі танымал актердің өмірі мен коронавирус мәселесінің шешілуіне қосып жатқан үлесі туралы баяндайды.
Шын есімі - Конг-Санг Чан
Актердің шын есімі Конг-Санг Чан - Гонконгтен шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы кедей болғандықтан, болашақ актер бала күнінде аштықты бастан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Аустралияға көшіп кеткенде, 6 жасар Джеки отанында қалып қояды. Сөйтіп, Қытайдың жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасқан. Яғни, егер бала жарақат алып немесе қайтыс болған жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдеген екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы бесте тұрып, 16-17 сағат бойы созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді.
1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен. Екі омыртқасын, мұрнын, аяғы мен қолын да талай сындырып, кеңірдегін жаралап, көзінен де айырылып қала жаздаған. Тіпті бас сүйегін де сындырып, өлімнен қалғанын жұрт біле бермейді. Актер ең алғаш 1978 жылы киноға түскен.
Джеки Чан және коронавирус
27 ақпанда желіде танымал актер Джеки Чан коронавирус жұқтырды деген ақпарат тарап кетті. Тіпті карантинге жатқызылғаны және ол дәрігерлердің қатаң бақылауында екені туралы хабар тараған. Алайда актер бір күннен кейін бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және денсаулығы жақсы екенін жеткізді.
Коронавирустың тарауы актерді алаңдатпай қоймаған болуы керек. Джеки Чан 9 ақпанда Weibo желісіндегі парақшасында коронавирусқа қарсы дәрі ойлап тапқан адамға 1 миллион юань (шамамен 62 миллион теңге) беретінін айтты.
"Коронавируспен тек ғылым мен технология күресе алады. Бұл пікірмен барлығы келіседі деп ойлаймын. Дәрінің тез арада табылатынына сенімдімін", - деген еді актер.
Джеки Чан бұл мәселеде ақша маңызды емес екенін айтқан.
"Мәселе ақшада емес. Мен жайқалып тұруы қажет көшелердің қаңырап қалғанын көргім келмейді. Көңілсіз адамдарды көргім келмейді. Мен Қытай азаматтары алға нық қадаммен басқанын қалаймын", - деп жазды актер.
Одан бөлек, актер Қытай халқына қорғаныш киімдері мен медициналық маскаға қомақты қаржы бөлген.
Алайда әлі күнге дейін вирусқа қарсы вакцина да, дәрі де табылмады. Көптеген ел өздері жасаған сынаманы тәжірибеден өткізгенімен, әзірше еш нәтижесіз.
Биыл 23 наурызда Джеки Чан басқа да әртістермен бірге "Махаббат жеңеді, сеніңіздер!" деген ән жазып шыққан. Бұл ән Қытайдың коронавирусқа қарсы әнұраны деп бағаланған. Қытайдың танымал әншілері орындаған бұл ән дәрігерлерге деген құрметпен жазылған екен.
Ал жақында 28 наурызда актер қазақстандықтарға коронавирусқа байланысты үндеу жасады. Джеки Чанның үндеуін Ерлан Қарин Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.
"Апаттар мен зілзалалар аяусыз болғанымен, адамның жүрегіндегі шынайы махаббат алдында дәрменсіз болып қалады. Біз, әлбетте, бір-бірімізге қол ұшын беріп, жәрдемдесуіміз керек. Сонда ғана жаңа вирусқа қарсы "соғыста" жеңіске жете аламыз. Stay strong, China! Stay strong, Kazakhstan! Біз біргеміз! Берік болыңдар!", - деді актер.
View this post on InstagramA post shared by Erlan Karin (@erlankarin2019) on Mar 28, 2020 at 4:03am PDT
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также