26 апреля 2021 17:17

"ИзолӘция" - "Жетінші Арнада" жаңа шоу басталады

"Жетінші Арнада" "ИзолӘция" атты жаңа шоу көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жетінші Арнада" "ИзолӘция" атты жаңа шоу көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Көктем келіп құлпыра түскен Алматы қаласында күн салқындап, ауа райы күрт бұзылуымен қоса, қаламыздың бас санитарының нұсқауымен М.Мақатев көшесі 90-үй карантинге жабылды.

Заманның талабына сай бейімделген қала тұрғындары - Ахметовтер отбасы, болашақ құда-құдағиымен танысу үшін ауылдан ат терлетіп келген Өтебаевтар отбасын шақырады. Өзара келісе алмай жатқанда, карантинге жабылды. Оқуын жалғастыру үшін кеше ғана ауылдан келіп, енді пәтер жалдамақ болған Мереке Қалбаева, құрбыларымен оларда карантинге қамалды. Студенттермен қоса жас отбасы жұп Ақболат Өтебаев пен Мадина Оспан енді ажырасуға мәжбүр.

Реклама
Реклама

Тіпті сол сәтте ұрлыққа түскен ұрылар "Жетінші Арнадағы" Jaidarman Cup көңілді тапқырлар жобасының үздік командасы ("Боранқұл"), барлығы кенеттен карантинге жабылды. Бұл көпқабатты үйге тек азық-түлік тасымалдаушысы Еділ Анарбай келіп тұрады.

Әртүрлі жағдайға байланысты үйде болған, кенеттен үйқамаққа қамалған кейіпкерлер енді өз мәселелерін қалай шешеді екен?

26 сәуірден бастап "карантин оқиғаларын" "Жетінші Арнадан" дүйсенбі-бейсенбі аралығында кешкі 21:30 да тамашалуға болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram