03 июня 2019 | 16:22

"Қарлығаштың құйрығы неге айыр", "Құйыршық", "Ақсақ құлан". Қазақ анимациясының атасы

1975 жылы Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" мультфильмі жүлделі орын иеленген. Дүйім жұртқа белгілі туындының авторы - Әмен Қайдаров жайлы не білеміз? Tengrinews.kz тілшісі қазақтың тұңғыш мультипликаторы, ұлттық анимация өнерінің негізін қалаған Әмен Қайдаровтың өмірі мен еңбектерін еске түсіреді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1975 жылы Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" мультфильмі жүлделі орын иеленген. Дүйім жұртқа белгілі туындының авторы - Әмен Қайдаров жайлы не білеміз? Tengrinews.kz тілшісі қазақтың тұңғыш мультипликаторы, ұлттық анимация өнерінің негізін қалаған Әмен Қайдаровтың өмірі мен еңбектерін еске түсіреді. 

Әмен Қайдаров - 1923 жылы 3 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақтың мультипликация өнеріне зор үлес қосқан, режиссер өмірінде бірнеше мамандықты игерген. Ол Ұлы Отан соғысына қатысып Сталинград, Украина майдандарында радист, байланысшы болған.

Реклама
Реклама

Режиссердің алғашқы шәкірттерінің бірі Алтынбек Өмірзақовтың айтуынша, "Қазақмультфильм" дегенде Әмен Қайдаровтың есімі еске түседі дейді.

"Ұстазымыз дербес бір ұлттық мемлекетте, өнердің жеке бір айрықша саласының іргетасын қалап, бүкіл өмірін осы өнердің аяғына тік тұрып, кең құлаш сермеуіне арнаған, бірден-бір ірі тұлға. Ұлы Отан соғысынан жарақат алып келіп, соғыстан кейін суретші мамандығын игеріп қызмет жасап, жасы ұлғайғанда, Мәскеудегі бүкілодақтық кинематографистер институтын бітірген. Әмен ағаның тырнақалды туындысы "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" фильмі - Қазақстандық анимацияның алғашқы карлығашы болды. Содан бері де, міне, 52 жыл - жарты ғасыр өте шықты. Өз айналасына өнерлі де, жігерлі жастарды жинап, ұйытқы бола білген азамат, қызмет бабымен Мәскеуге барғанда кинематография институтында оқып жүрген қазақ студенттерімен кездесіп, өз бауырына тартып, мультфильмге деген қызығушылығын оята білді", - дейді ол.


© kazakhfilmstudios.kz

Өмірзақовтың сөзінше, қазақ мультфильмінің келешегін ойлаған Әмен Қайдаров 1981 жылы мультфильм жасайтын мамандар тапшылығын шешу мақсатында эксперимент топ ашуға келісім жасаған.

"Қазақ Ұлттық анимациясын тек қазақша тәрбиені бойына сіңірген адам ғана жасай алатынын түсінген Әмен аға таңдау жасағанда, тек қазақ мектебін бітірген, әскерде қызметін өтіп келген ұл балаларды қабылдады. Себебі, оқу барысында әскерге алып кетсе, қайтып келгенде ол мамандыққа қабылдау болмауы мүмкін еді. Ал қыз балаларды қабылдамаған себебі - олар оқу бітірген соң тұрмысқа шығып, тарап кетеді, баламен декретте отырады", - дейді педагог.

Алтынбек Өмірзақов Әмен Қайдаровтың өмірінің соңына дейін қазақ анимациясының еңсесін көтеру үшін барын салғанын еске салды.

"Он шақты жылға созылған тоқыраудан кейін аздап тіріле бастаған анимацияның қайта бір жүйеге түсуі қиын бола тұра, Әмен ағаның қолдауымен шәкірті Қайырғали Қасымов аздаған қаражатқа бірнеше фильм жасай алды. Сол қысылтаяң кезеңде Темірбек Жүргенов атындағы Өнер Академиясының "Анимация режиссері" кафедрасы маман даярлауды тоқтатқан жоқ. Соның арқасында, заман талабына сай жаңа технология - компьютерлік анимацияны меңгерген жастар, соңғы 5-6 жылда жақсы нәтиже көрсете бастады", - дейді ол.


© pr-hal.kz

Қазақ анимациясын әлемге мойындатқан режиссер "Құйыршық", "Жанар", "Күн сәулесінен пайда болған көжек", "Ақсақ құлан",  "Қожанасыр - құрылысшы" сынды мультфильмдерді түсірген. 1965 жылдары анимациялық фильм жасауды ешкім де ойға алмаған көрінеді. Ол сол жылы "Қазақфильм" киностудиясында мультипликация цехінің негізін қалады. 

1967 жылы қазақтың халық ертегісі желісімен түсірілген "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" атты туындысы пайда болды. Аталған мультфильм оның салған суреті бойынша жасалған. Бірақ бұл фильмді түсіру өте қиынға соққан және оны құпияда ұстаған. Оған сол кездегі қазақ киностудиясының басшысы қолдау көрсеткен екен. Осы қолдау үшін Әмен Қайдаров сынға іліккен. Оған қарамастан жұртшылыққа тараған туындыны Мәскеудің Кинематографистер одағы қазақтың ұлттық нақышында анимациялық фильм жасағанына таңғалған. Кейін бұл халық ертегісі 48 елде көрсетіліпті. Нью-Йорктегі фестивальден бөлек, Ленинград қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде орын алады. 


"Құйыршық"


Қарлығаштың құйрығы неге айыр 

Кейін Қайдаров және оның әріптестері бастаған қазақ мультипликаторлары бұл өнерді дамытты. Бұл кезеңді қазақ анимациясының "алтын дәуірі" деп атаған екен. Өйткені көршілес жатқан қырғыз, түрікмен және тәжік елдерінде мұндай туындылар шықпаған еді. Әмен Қайдаров бұл елдердің режиссерлеріне алғашқы мультфильмдер түсіруге көмектескен. 

Қазақтың тұңғыш телевизия аниматоры анимациялық өнерден басқа журналист болып та қызметін де алып жүрген. Ол республикалық журналдың редакторы болған. ҚР Суретшілер одағының, Кинематографистер одағының, Дизайнерлер одағының белді мүшесі болған. Сондай-ақ ол сурет өнерінде бірнеше таңдаулы туынды жасаған. Режиссердің графикалық, плакат, карикатуралық өнерде де еңбектері бар. Әмен Қайдаров еліміздің мемлекеттік жоғары наградалармен марапатталған. Қазақтың тұңғыш мультипликаторы 2015 жылы 4 ақпанда 91 жасында дүниеден өткен.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная