ПОДЕЛИТЬСЯ
23 октября 2018 | 15:45
"Махаббат кафесі": Ерке Есмахан ауылдың қарапайым қызына айналды
Қазақстан кинотеатрларында 25 қазаннан бастап "Махаббат кафесі" деп аталатын романтикалық комедиясы көрсетіле бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан кинотеатрларында 25 қазаннан бастап "Махаббат кафесі" деп аталатын романтикалық комедиясы көрсетіле бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комедияның басты ролінде танымал әнші Ерке Есмахан мен актер Шәріп Серік ойнайды. Фильм 18 күн бойы Шу өзенінің бойында түсірілген. Картина шынайы оқиға желісінде құрылған. Сондай-ақ Ерке Есмахан фильмде қазақтың ұлттық тағамдарын көрсеткісі келген.
Картинада Еркеге қарапайым ауыл қызының ролі бұйырған. Отбасылық комедияның оқиға желісі "Махаббат кафесінде" өрбиді. Фильмде Әбунасыр Серіков, Мұрат Нұрасылов, Саттар Ерубаев, Дариға Бадықова және тағы басқа актерлер ойнады.
Комедияның режиссері - Асқар Ұзабаев. Айтуынша, түсірілім алаңы ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған кафені іздеген.
"Фильмге бар күш-жігерімізді салдық. Оны түсіру еш қиындық тудырмады. Ауылда комедия түсірмегеніме 2-3 жыл болыпты. Еркенің бұл фильмі творчествомды жаңартқандай болды. Ауылға қайта оралып қызықты комедия түсіріп шықтық. Актерлерді ұзақ іздедік, соңында Ерке өзін ұсынып көрді. Сөйтіп осы рольге тек Ерке лайықты екенін түсіндім. Ол екі ай бойы фильммен қатар актерлік шеберлік сабағына қатысып жүрді. Оған актер ретінде керемет баға беремін. Еркемен ары қарай жұмысымды істеуім фильмнің өзін ақтауына байланысты", - деді танымал режиссер Асқар Ұзабаев.
© Tengrinews.kz
Айта кетейік, фильм әнші Төреғали Төреәлінің "Ұлы дала комедиясы" фильмімен бір уақытта шығып жатыр. Фильмнің таныстырылымы барысында Ерке Есмахан бір сахнада өнер көрсетіп жүрген әріптесі Төреғали Төреәлімен фильмдерінің қатар шығуы тектен-тек емес екенін айтты.
"Төреғали болмаса да басқа қазақстандық режиссерлер фильмдерін қатар ұсынып жатыр. Бұл жерде Төреғали екеуміздің өнердегі байланысымыз болғандықтан шығар, туындымыз бір мезгілде жарық көрді. Әріптесім екеуміз бірге фильм ұсынғанымызға қуаныштымын, оған тек сәттілік тілеймін", - деді әнші.
© Tengrinews.kz
Показать комментарии
Читайте также