Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 декабря 2018 16:30

Сәбит Әбдіхалықов Әуезов атындағы драма театрының директоры болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәбит Әбдіхалықов. © auezov-theatre.kz Сәбит Әбдіхалықов. © auezov-theatre.kz

Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықов Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың сайтындағы мәліметке сілтеме жасап. Бұған дейін бұл қызметте биылғы ақпаннан бастап Асхат Маемиров болған еді. 

"Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының бұйрығымен Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып Сәбит Әбдіхалықов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, әкемтеатр ұжымына жаңа директорды вице-министр Ақтоты Райымқұлованың таныстырғаны айтылады.

Сәбит Әбдіхалықов - 1973 жылы 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Рабат ауылында дүниеге келген. Ол әр жылдары "Бауыржан-шоу", "Тамаша", "Мафия мен Тақия" театрларының актері болған. 

2015 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметін атқарып келген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети