05 октября 2021 | 09:35

Үздік актерлік құрам, сюжет. "Игра в кальмара" сериалы көрерменді несімен қызықтырды?

Сурет ғаламтордан

"Игра в кальмара" - оңтүстіккореялық веб-сериал. Режиссері әрі сценарий авторы - Хван Док Хек. Тоғыз эпизодтан тұратын сериал сюжеті қарызға белшесінен батқандар туралы, жасырын ойын ойнауға шақыру алған адамдардың тағдырын көрсеткен. Ойыншылар 45 миллиард 600 миллион вон үшін таласады. Сериалдың Netflix платформасындағы әлемдік премьерасы биыл 17 қыркүйекте болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Игра в кальмара" - оңтүстіккореялық веб-сериал. Режиссері әрі сценарий авторы - Хван Док Хек. Тоғыз эпизодтан тұратын сериал сюжеті қарызға белшесінен батқандар туралы, жасырын ойын ойнауға шақыру алған адамдардың тағдырын көрсеткен. Ойыншылар 45 миллиард 600 миллион вон үшін таласады. Сериалдың Netflix платформасындағы әлемдік премьерасы биыл 17 қыркүйекте болды.

2019 жылдың 2 қыркүйегінде Netflix компаниясы оңтүстіккореялық сериал түсіретінін мәлімдеген. Ол кезде сериалдың уақытша атауы "Раунд шесть" болған еді. Сериал сюжеті Кореяда 1970-1980 жылдары танымал болған "Игра в кальмара" ойынына негізделген.

Сериал неден басталады?

Реклама
Реклама

Сериал өмірде қаржы жағынан тапшылық көрген 456 адамның ойыны жайлы. Спойлер болып кетпеуі үшін фильмнің алғашқы сериасын ғана сипаттап беруді ұйғардық. Сериалдағы басты кейіпкер - анасымен тұратын, бұрынғы әйелімен ажырасып кеткен, құмар ойындарға қызығатын такси жүргізушісі Сон Ки Хун. Бірде қарызға белшесінен батқан Сон Ки Хун метроға кешігіп, келесі пойызды күтіп отырғанында бір ер адам ойын ойнауды ұсынады. Ер адам Ки Хун жеңген жағдайда 100 000 вон беретінін, жеңілсе оның бетінен шапалақпен ұратынын айтады. Ойын біткеннен кейін ер адам Ки Хунға негізгі ойынға шақырту ретінде қағаз тастап кетеді. Ол келісім беріп, келесі күні Сон Ки Хунды маска таққан ер адам көлігіне отырғызып алып кетеді. Көлікке отырған бойда улы газ шашылып, Ки Хун ұйқыға кетеді. Оянғанында өзінен бөлек бірдей спорт киімін киген 455 адамды көреді. Ки Хунға 456-ші номер бұйырады.

Сериалдың негізгі "фишкасы" қызыл костюм киген қызметкерлер деп айтуға болар. Себебі ойыншыларға ережені түсіндіріп, оларды қажет ойын алаңына апарып жүрген сол қызметкерлер болады. Алайда Желіде қызметкерлердің костюмін Netflix-тің тағы бір туындысы "Бумажный дом" сериалындағы кейіпкерлердің костюміне ұқсатып жатқандар да болды.

Сериалда басты рольде Ки Хуннан бөлек, қатерлі ісікке шалдыққан №001 ойыншы шал, №218 ойыншы Чхо Сан Воо бұрынғы сыныптасы әрі кәсіпкер, №067 ойыншы ұры қыз, аңқау әрі аңғал мигрант №199 ойыншы бар.

Әр серияда белгілі бір ойын болады. Ойыннан жеңілген адамдар өледі. Ал жеңіліп, қайтыс болған адамдардың есебінен ортақ шотқа ақша қосылып тұрады.

Алғашқы ойында расында 456 адам болады. Артынша әр ойын сайын олардың саны азайып, тек бір ойыншы қалады.

Korea Times мәліметінше, 27 қыркүйекте сериал Netflix платформасындағы дүниежүзілік рейтингінде үздік атанған. Сериалдың кеңінен танылып кетуіне TikTok-тағы видеолар әсер еткен болуы мүмкін деген пікірлер бар: желіде #squidgame хештегі арқылы көптеген видео түсіріліп, бүгінде олар 24 миллиард қаралым жинаған. Ең алғашқы хештегке назар аударыңыз: 

Сериал Netflix-те шыққаннан кейін бірден дүние жүзінде танылып кеткен. Ол қаралым саны бойынша 90 елде, оның ішінде, АҚШ, Ұлыбританияда бірінші орынға шықты.  

Режиссер бұл сериалды түсіруді 2008 жылдан бері ойлап жүрген. Ал кейіпкерлері ретінде көпке таныс, өмірден алынған адамдарды таңдағысы келген. Расында сериалда кәсіпкер де, ұры да, қатерлі ісікке шалдыққан адам мен өмірі жолы болмайтын адам да бар. 

Туынды жарыққа шыққаннан кейін Twitter қолданушылары кореялық веб-сериал туралы оң пікір жаза бастаған. 

"Адамдардың шулауы бекер емес! #SquidGame - жылдың ең үздік шоуының бірі! Адамды қызықтыра білетін, әдемі образдарымен және актерлік құрамы мықты сериал", - деп жазды қолданушылар.

Сериал жанкүйерлері актерлер туралы арт-суреттер сала бастады. Оның ішінде, №67 костюмдегі кейіпкер қыз, өмірде актриса әрі модель Хо Ен Чонның суретін салғандар көп.

Бейресми дерек бойынша, актрисаның Instagram-дағы парақшасы бүгінде ең белсендісі деп танылған: 10 күнде Хо Ен Чонның парақшасына 10 миллион адам жазылған. Бүгінде оқырмандарының саны 13 миллионға жетті.  

Әзірше бүгінге дейін сериал нақты қанша табыс түсіргені белгісіз. Сериалдың келесі кезеңі бола ма, әлде жоқ па - әзірге белгісіз. Алайда көптеген адам сериалдың соңғы бөліміндегі кадрларында "келесі кезең болады" деген ой жатқанын айтады.  

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная