Макпал Серікбекқызы – автор комментариев на Tengrinews.kz :interval
Феномен Иманбека еще не раскрыт. Министр культуры ответила на вопросы
- Макпал Серікбекқызы
- -4
Байқасақ, музыка, өнер деген қазақтың қанында бар дүние ғой. Жан дүниесі дархан далаға ән салатын сал-серілердің жұрнағы бүгінгі таңда жойылды деп айта алмаймын. Ақтоты Рахметоллақызы да өзі басшылық ететін саласында өнерді, мәдениетті, музыканы жан-жүрегімен түсініп, өзінен өткізіп, қабылдай алатын мықты басшы, маман екенін білеміз. Музыка мен өнерде шекара жоқ дейді, ол рас айтылған сөз. Біздің өзіміздің бауырларымыз бойларына біткен өнерімен, талантымен әлемді таңдай қақтырса, біз оған шын жүректен қуана білеміз. Қазақтың талантты ұлдары биіктерге өрлей берсін, солардың тақымын қысып, тілеуін тілеп отыратын артында қазақтай алып халқы бар екендігін айтқысы келді деп ойлаймын Мәдениет министрі және ол ойын тамаша жеткізе білді. "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" деген Абай атамыз, өнерімен, талабымен, талантымен, еңбегімен алға озып, көпке танылған азаматтарымызды қолдап, шығармашылықтарына сәттілік тілеймізн.
Макпал Серікбекқызы
- 1