Айданка – автор комментариев на Tengrinews.kz :interval
Все время полиция плохой быть не может - глава МВД
- Айдана
- -1
Біріншіден, барлық ішкі істер органдарында аянбай тер төгіп қызмет атқарып жүрген қызметкерлерді 23-маусым "Қазақстан полициясы күні" кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс тілеймін.
Екіншіден, министрдің пікіріне толық қосылатынымды айтқым келеді. Иә, шынында қазіргі қоғамымызда полицейлер жайлы жағымды пікірлер мен қатар жағымсыздары да баршылық. Дегенмен, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, елдің тыныштығын сақтауда күн-түн демей, қызмет атқаратын полицейлердің еңбегі орасан зор. Тәртіп сақшылары бір үйдің тірегі, сүйікті ұлы, асыл әкесі, аяулы жары. Оларда барлығымыз секілді өзіне міндеттелген жұмысты орындайды. Шындығына келгенде, олардың жұмыстарының жауапкершілігі біздікінен басым. Полицейлер өзімен бірге бүкіл елдегі о тбасының тыныштығын қорғайды. Қоғамда қылмысты болдырмауда қайтпас қайсарлықтарын көрсетіп, қызмет етеді. Мұның барлығы барлығымызға белгілі бола тұра, неге ел қорғандары жайлы жаман нәрсе ойлап, жазуымыз керек. Болар елдің ұлдары, бірін-бірі батыр дейді десек, алдыңғы шепте жүріп, анттарына адал болып, абыройлы еңбек етіп жүрген жандарға алғысымызды білдірейік.
Мен полицейлердің жұмысын бағалап, өз атымнан алғыс білдіремін!
Айданка