Алматы облысында мешіттен қайырымдылық жәшігі ұрланды

Видео кадрлары

Алматы облысында мешіттен қайырымдылық жәшігі ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында мешіттен қайырымдылық жәшігі ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұрлық жасалған жерде түсірілген видеоны редакцияға оқырмандар жолдады. Видеоде ер адам ұрланған қайырымдылық жәшігі түрған жерді көрсетіп, мешіттің Қырбалтабай ауылында екенін айтады.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде облыстық ІІД өкілдері бұл оқиғаның Еңбекшіқазақ ауданындағы Қырбалтабай ауылында болғанын растады.

"Бүгін, 31 мамырда 12.00 шамасында мешіт өкілдерінен қайырыдымдылық жәшігі ұрланғаны жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанып, қазіргі уақытта арыз қабылдау, күдіктілерді іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Іс Алматы облыстық ІІД-нің бақылауына алынды. Толығырақ мәлімет кейін қосымша хабарланады", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Tengrinews
Вопрос от автора
news8
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама