22 апреля 2018 | 13:13

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған қызыл нөмірлі көлік иесі ұсталды

Видео кадрлары

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, артынша жолда жанжал шығарған қызыл нөмірлі көлік иесі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Ерік Насырбековке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, артынша жолда жанжал шығарған қызыл нөмірлі көлік иесі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Ерік Насырбековке сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған ер адам кеше, 21 сәуірде ұсталған. Сөйтсек, ол жалған нөмір тағып алған болып шықты.

Реклама
Реклама

"Алматы қалалық ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің қызметкерлері Lada көлігін жүргізген 1996 жылғы ер адамды ұстады. Ол 17 сәуірде Әкімшілік заңнаманың бірнеше нормасын бұзған. Нәтижесінде оған қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды: біріншісі - 596-баптың 3-бөлігі ("жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу), Екіншісі - 590-бабының 2-бөлігі ("Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару"), Үшіншісі - 590-баптың 3-бөлігі ("Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату")", - деп хабарлады ведомство өкілі. 

Жүргізуші өз кінәсін толықтай мойындап отыр екен. Енді тиісті шешім қабылдау үшін іс материалдарының әкімшілік сотқа жолданғаны хабарланып отыр. 

Айта кетсек, бірінші бап бойынша кінәлі деп танылса, жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылуы мүмкін, ал қалған екі баптың бөліктері бойынша айыбы дәлелденсе, барлығы 25 АЕК көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.

Мұның алдында ҚР СІМ өкілдері Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған "дипломатиялық нөмірлі көлікке" қатысты пікір білдірген болатын. Министрліктің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, видеодағы көліктің нөмірі Беларусьтің Қырғызстандағы елшілігіне тіркелген. Ал өз кезегінде Беларусьтің Қырғызстандағы елшілігіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне бұл D 09 007
мемлекеттік нөмірінің ақ түсті Hyundai маркалы көлікке тіркелгенін, ал видеода "ВАЗ" автокөлігі көрсетілгенін хабарлаған еді. Яғни жүргізуші жалған нөмір таққан.

Еске салайық, оқиға Алматыдағы Әуезов - Жамбыл көшелерінің қиылысында болған. Оқырман жолдаған роликте қызыл нөмірлі Lada көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолмен жүріп, оған қарсы келген көлік жүргізушісімен жанжалдасады.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная