20 сентября 2021 19:58

Алматыдағы атыс: оқиға туралы қазірге дейін не белгілі?

Фото: Tengrinews.kz / Шоқан Алхабаев

Алматыдағы Алатау ауданында атыс болды. Бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиға туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Алатау ауданында атыс болды. Бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиға туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Бүгін, 20 қыркүйекте сағат 17:30 шамасында әлеуметтік желіде Алатау ауданында атыс болғаны туралы мәлімет тарады. 

Реклама
Реклама

Көп ұзамай қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді. Полиция мәліметінше, атыс 17.00-де "Ақбұлақ" шағынауданында болды.

Полиция өкілдері үйден шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде сол үйдің тұрғыны - 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырғанын хабарлады. 

Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының төрағасы Ернар Ибраевтың сөзінше, қаза тапқандардың ішінде сот орындаушысы бар. 

"А. есімді сот орындаушысы учаскелік полицейлермен оқиға орнына шыққан. Сол жерде қылмыс жасалған. Сот орындаушысы, екі учаскелік полицей мен екі тұрғынға оқ атылған. Әзірге басқа ақпарат жоқ", - деді Ибраев.

Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Оқиға орнында бес адам қаза тапты: оның ішінде қызметтік міндетін атқарып жүрген екі полиция қызметкері бар.

Полиция өкілдері күдікті ұсталғанын хабарлады. Бүгінде жағдай бақылауда.

Фото: Шоқан Алхабаев

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram