26 августа 2019 | 12:45

"Бес рет мешіт тонаған". Алматы облысында әккі ұры ұсталды

Камила Долаева Корреспондент
© REUTERS

Алматы облысы полицейлері мешітте бірнеше рет ақша ұрлаған адамды қолға түсірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы полицейлері мешітте бірнеше рет ақша ұрлаған адамды қолға түсірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

16-17 шілдеде Жамбыл аудандық полиция бөлімшесіне бірінен кейін бірі Шиен және Тарғап ауылдарындағы мешіттен ақша ұрланды деген екі арыз түскен. 

Реклама
Реклама

Полицейлер бір ай бойы ұрыны іздестірген, оны табу қиынға соққан, себебі тұрғылықты жерін жиі ауыстырған екен. Жедел іздестіру шараларының арқасында 22 жастағы күдікті ұсталған, оның тұратын жері және жұмысы болмаған.

Тексеру барысында күдікті бұған дейін бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысында ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылғандығы анықталды, бірақ сот істі тоқтатқан, себебі тараптар татуласқан болатын.

"Тергеу барысында ұсталған адам тағы да Үмбетәлі, Қайназар, Еңбекшіарал ауылдарындағы ұрлыққа қатысы бар екені анықталды, олардың барлығы түнгі уақытта қайырымдылыққа арналған жәшіктердің құлыптарын бұзу арқылы жасалған", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Күдіктіге барлығы алты ұрлық бойынша айып тағылған, олардың бесеуі мешітте болған жағдай. Шығынның жалпы сомасы есептеліп жатыр. Соталды тергеу басталды. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная