Қызылорда облысында күдікті полиция қызметкеріне шабуылдаған серіктесінің денесін ұрлап кеткен

Фото ©REUTERS

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Қызылорда облысындағы жергілікті полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Қызылорда облысындағы жергілікті полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде айтты. Оның сөзінше, салдарынан полиция қызметкерінің басы жараланған. 

"Атыс нәтижесінде шабуылдаушылардың бірі өлтірілді. Түнде М. есімді ер адам полиция қызметкеріне шабуылдағанын жасыру үшін қайтыс болған серіктесінің денесін ұрлап кеткен. Мұндай күдіктілерге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертуге жатпайды", - дейді Қилымжанов ОКҚ брифингінде. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Алматының полиция департаментінің басшысы Қанат Тәймерденов қаладағы мәйітханаларға 7 рет шабуыл жасалғанын, салдарынан 41 мәйіт ұрланғанын хабарлаған болатын.

Tengrinews
Вопрос от автора
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама