"Ойынан айнып қалған". Желіде танысқан бойжеткенді алып қашқан жігіт сотталуы мүмкін

Иллюстрациялық сурет. © kloop.kg

Алматы облысы Көксу ауданының тұрғынына адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облысы Көксу ауданының тұрғынына адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 24 жастағы жігіт әлеуметтік желі арқылы танысып, сөз байласқан бойжеткенді өмірлік жары етуге шешім қабылдаған. Алдын ала сүйіктісінің келісім де алған. Қалыңдығын ұлттық дәстүрге сәйкес алып қашып, үйіне келін қылып түсіреді.

Дегенмен, соңғы сәтте шешімін өзгерткен бойжеткен алғашқы ойынан айнып, некелесуден бас тартады. Үйіне кері қайтаруын сұрайды. Әкесін шақыртып, өз отбасына оралады.

Реклама
Реклама

"Алакөл ауданының тұрғыны 18 жастағы қызын алып қашып кеткені туралы шағым түсірді. Жедел-тергеу тобы жоғалған азаматшаны тауып, үйіне қайтарды", - делінген ресми ақпаратта.

Отбасын құрудың оңай емес екенін түсінген жігіттің үстінен ҚР Қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Дәстүрді ұстанамын деп заңға қайшы әрекетке барған азамат сотқа келу туралы мiндеттемемен босатылды.

Tengrinews
Вопрос от автора
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама