04 февраля 2022 | 17:49

ШҚО-да арнайы операция: Ресейден тасымалданған ірі есірткі арнасы әшкере болды

Фото: polisia.kz

Ресейден тасымалданған ірі есірткі арнасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейден тасымалданған ірі есірткі арнасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел әзірлеме барысында Семей және Өскемен қалаларына синтетикалық есірткінің ірі партияларын жеткізіп отырған адамдарды ұстады.

Реклама
Реклама

Биыл қаңтарда полицейлердің назарына облыстың екі тұрғыны түсті, олар синтетикалық есірткіні тасымалдаған болып шықты.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 28 және 24 жастағы екі ер адам да Семей қаласында ұсталды. Тінту кезінде олардан жалпы салмағы 1,5 келіден асатын синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл жастар арасында одан әрі сату үшін "қойып кетушілерге" беру жоспарланған 5 мың бір реттік дозаға тең. Алдын ала бағалау бойынша "қара нарықта" тәркіленген есірткінің құны шамамен 30 млн.теңгені құрайды. Сонымен қатар, олар жалға алған пәтерлерде олардың қылмыстық әрекетін растайтын басқа да дәлелдер, соның ішінде есірткіні өлшеп-орауға және өлшеуге арналған заттар табылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, "жеткізу арнасы" Ресей Федерациясынан жолдау ұйымдастырылған, сол елден есірткі біздің елге әртүрлі логистикалық көлік компаниялары арқылы жіберіліп отырған.

Заңсыз затты жасыру үшін есірткі автобөлшектерге салынып, есірткі қойып кетушілерге "посылка" түрінде беріліп отырған.

"Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау аса ірі мөлшерде) бойынша сараланады, оның санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Шаяхметовтің сөзінше, бүгінде соталды тергеу жүріп жатыр, есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де адамдар анықталып жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная