Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 августа 2019 14:20

"Ұлым ішпейді, көп болса екі кружка". Адамдарды әдейі қаққан жігіттің анасы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автокөлікпен үш адамды әдейі қаққан жігіттердің анасы Назира Әликеева халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматыда автокөлікпен үш адамды әдейі қаққан жігіттердің анасы Назира Әликеева халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Желіде қара Toyota Avensis үш жігітті қағып кеткен жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды. Бұған дейін не болғаны түсірілмеген. 25-інде жиенімнің туған күні болған. Олар караокеге барды. Әрі қарай не болғанын білмеймін. Естуімше, оқиға Гагарин - әл-Фараби қиылысының маңында болған. Үлкен ұлым Жандосты қамап, үш бап бойынша айыптап отыр. 6-дан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Караокеден шыққан кезде оған шабуыл жасаған. Әдеттегідей, келісе алмай қалыпты. Шабуылдаған адамдар ересектер, менің ұлымнан әлдеқайда үлкен", - деді Назира Әликеева Instagram желісіндегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Назира Аликеева (@alikeeva_n)

Сондай-ақ ол ұлдарының төбелеске құмар емес екенін айтты. 

"Құрметті қазақстандықтар! Мен ұлдарымның - 1995 жылы туған Жандос Әликеев пен 1999 жылы туған Дінмұхамед Әликеевтің анасымын. Ұлым ішпейді. Көп болса, екі кружка ішетін болар. Оны төбелесқұмар ретінде көрсетіп жатыр, бірақ ондайын байқамадым", - дейді көлікпен үш адамды қаққан жігіттің анасы.

Осыған дейін Желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болған еді. Видеода бір топ жігіттің екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасқанын көруге болады. 

Айта кетейік, Алматы полициясы көліктің адамдарды жаппай қаққаны туралы оқиғаның мән-жайын айтты. Оқиға 26 тамызда шамамен таңғы 5-те Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Себеп - көрші тұрған екі көңіл көтеру орнына келгендердің арасындағы жанжал шыққан. 

Кейін жаяу жүргіншіні әдейі қағып кеткен бір күдікті ұсталғаны хабарланған. Артынша оқиғаға қатысы бар екі автокөлік те табылып, мамандандырылған автотұраққа орналастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети